ЗЫҢ-ЗЫҢ КҮЛПӘШ ҚАЙДА?
Сахналық қойылым тамашалап, құлақтың құрышын қандыратын есті ән тыңдау кімнің болса да жанына рахат сыйлары сөзсіз. Ерекше күйге бөлейтін ұлы өнердің қайсысы болсын пенде біткеннің өн бойына ләззат сыйлап, алпыс екі тамырын шымырлатып жіберетіні тағы бар. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін мерекелік кештерді асыға күтетіні сондықтан. Әсіресе, аудан мен ауыл тұрғындары эстрада жұлдыздарының мерекелік концертін сарғая күтеді. Ал, олар «әншілер мен театр актерлары келеді» дегенді естіген бойда жапа-тармағай билет сатып алуға асығады. Неге дейсіз бе? Себебі, жүректі тербейтін, жаныңды емдейтін әндер аз бүгінде. Сахнаның сәні кеткені сонша, ән түгілі көрермен көзайымына айналған киноиндустриясының тың туындылары да бірен сараң. Тіпті, саусақпен санарлық. Сондықтан, жұртшылық ескі әндер мен театрлық қойылымдарды көруге асығады. Ол рас. – Мен енді Күлпәш образындағы әйелдің рөлін сомдамаймын. Көрермен мені осы образымда жақсы таниды. Бірақ, мен қазір намазға жығылдым. Өздеріңіз білетіндей, шариғатта әйелге ұқсауға тыйым салынған. Бірақ, сахнада басқа образдарыммен өнер көрсете беремін. Тек Күлпәштің рөлінде емес, – деп әңгімесін қысқа қайырды Берік Тұрсынбеков.
Хош. Беріктің бұл сөзін біз де құп көрдік. Себебі, бұл күндері ер жігіттердің әйелдің образын жасауға деген құлшынысы артып кетті. Тіпті, жақында Назарбаев зияткерлік мектебінде орын алған оқушылардың жайын да ұмыта қойған жоқпыз. Қысқа метражды фильмдерде «Келинка Сабинка», Қалбибі сынды рөлдерді сомдап жүрген азаматтар жастарға қандай тәрбие бере алады?






