Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖІТІ НАЗАРДА

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖІТІ НАЗАРДА

Шиелі ауданы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың, мас күйінде көлік басқарудың жолын кесу, сонымен қатар, қоғамдық орындар мен көшелерде өзге де, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022 жылдың қараша айының 22-нен бастап бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жылжымалы мобильдік топтар шығарылып рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Іс-шараның негізгі көздейтін мақсаты – барлық жүрген автокөліктердің құжаттарының толықтығы мен басқару заңдылығына аса мән беру, (автокөлікке көрінеу жалған мемлекеттік белгі тағып басқару, көлікті басқаруға құқы жоқ тұлғалардың басқаруы, көлік құралын басқару құқығынан айрылған адамдардың басқаруы). Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында қатты жылдамдықпен жүрген автокөліктерді тоқтатып оларға ауызша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қала берді қоғамдық орындар мен көшелерде орын алуы ықтимал қылмыстар мен топтық бұзақылықтардың алдын-алу және жол кесу болып табылады.
Жүргізілген рейдтік іс-шараның үш күнінде барлығы 153 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталыпты. Оның ішінде автокөлікті құжатсыз басқарудың 7, мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтарудың 9, автокөлікке көрінеу жалған мемлекеттік белгі тағудың 1 дерегі әшкереленіп үлгерген.
Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша барлық автокөліктер айып алаңына жеткізілді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 6 адам уақытша бейімдеу детоксикациялау орнына орналастырылғанын айтты сала мамандары. Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

01 желтоқсан 2022 ж. 403 0