АЛТЫН ТАҢДАЙ БІЛЕСІЗ БЕ?

Біздің елге көршілес Өзбекстан, Ресей, Қырғыстан, одан әрі Корея, Жапония, Қытай, Украйн, Түркия елдерінен келетін мұндай алтындарды көптеген дүкен сөрелерінен оңай табуға болады. Сатушылардың айтуы бойынша өңірімізде осы бағалы металдың бір грамы он үш мыңнан 18 мың теңгеге дейін сатылуда. Ең арзан алтын бұйымдары түрік, украйн алтыны болса, қымбат бағаланатын Ресей, Италия, Беларусия елінің алтындары. Ал көп сұранысқа ие жалпы халыққа ыңғайлы түрік, украйн, қазақ алтындары. Ал, әсем тастармен көмкеріліп, бұйымға ерекше өң беретін алтындардың бағасы бүгінде шарықтап тұр. Мұндай алтындар көбінесе қымбат лауазымды адамдарға сыйлыққа беріледі. Бриллиант тастары бар алтындар да бүгінде сұранысқа ие.
Ал, аудандағы алтын бұйымдарды базардан, сауда орталықтарынан кезіктіре аласыз. Сауда орталықтары демекші, «Аль-Тайр», «Береке», «Жадыра» сауда орталықтарынан да көңілге қонымды, сыйлаға болатын сапалы алтындарды табуға болады. Бағалары қолжетімді болғанымен, базардағыдан қымбатырақ. Дегенмен, тұрғындар алтынды сауда орындарынан сатып алғанды жөн санайды.
– Жалпы аудан халқы біздің дүкендерден түрлі әшекей бұйымдарды сатып алып жатады. Біз сататын алтындардың бағасы 18 мыңнан басталып, милион теңгеге дейін кете береді. Алтынға көбінесе қыз-келіншектер құмар болғандықтан, біз түрлі дизайндағы әшекей бұйымдарды заман талабына сай сатып әкелуге тырысамыз. Бірақ, көбірек саудағы түсетін алтындар той үшін сатып алынады. Әсіресе, қыз ұзатып, келін алып жатқанқан үлкендеріміз құны 25 мыңнан басталатын құдалыққа арналған алтындарды алып жатады. Осындайда біз сатып алушылардың сұранысы бойынша қалтаға салмақ түсірмейтін бұйымдарды сатып алып келуге тырысамыз. Ол бұйымдардың біріншіден құрамында өзге қоспа көп және көлемі үлкен көрінуі үшін ауа толтырылады. Ең өкініштісі, арасы қуыс жеңіл өнім тез майысқыш, майысқан жағдайда түзетуге келмейді. Аты алтын болғанымен сапасы сын көтермейтін дүние екі жақтың арасында түсініспеушілік туғызатын жайттар да кездесуде, – дейді кәсіпкер.
Алтынның ең жоғарғы сынамасы 999, ең төменгісі 375 болып саналады. Мамандардың айтуы бойынша, ең жоғарғы сынама тез иілгіш болғандықтан, әшекей құмар ханымдарға 750 немесе 595 сынамалы бұйымдарды тұтынған ынғайлы. Себебі олар қатты, ұзақ сақтауға ыңғайлы әрі құрамында алтын көп болғандықтан уақыт өтсе де құны жоғары болады. Жалпы, жаңа технологиялар дамыған сайын, алтынның да сапасы сын көтермей барады. Олай деп айтуға себеп жоқ емес. Қазіргі таңда алтынға ұқсас, сарғыш түсті бұйымдардың түрі көбейгендіктен, оны бір-бірінен ажыратып алу қиын. Әсіресесе, алтын жалатылған бұйымдарды сатып аларда аса абай болған абзал. Ал, сіз нағыз алтынды қалай бірден тануға болатыннын білесіз бе?
Алтын сатып аларда шыныға, әйнекке алтын бұйыммен сызық түсіріп көріңіз. Егер бұйым таза алтын болса, ол із түсіре алмайды, себебі алтын шыныдан жұмсақ келеді. Ал алтынға йод тамызса, ол қарайған із қалдырады. Латунь, жез, мыстан із қалмайды. Нағыз таза бұйымды анықтап көру үшін де суын (уксус) қолдануыңызға болады. Бұйымды уксусқа жарты сағатқа батырып қойсаңыз, оның түсі өзгереді, Өзгермесе, бұйым таза емес. Ляпис қарындашын аздап ылғалданған бұйымға жақсаңыз, жұқпайды. Ал егер ол жез болса, қара нүкте қалдырады. Болмаса көзге шалынбайтын тұсын сызып көріңіз, алтын жалатылған қандай да бір металл болса, көрініп қалады. Осы секілді бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдаланып, алтыныңыздың сапасын анықтауға болады. Бірақ ең дұрысы өзіңіз тұратын мекен-жайдағы ломбард дүкендеріне барып, бұйыңымыңызды тексерістен өткізіп алғаныңыз жөн. Мамандардың көмегіне жүгінсеңіз, арзан алтынды сатып алудан сақтанасыз.