АУДАННЫҢ БАҒДАРЫ АЙҚЫН, БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН
Аудан бойынша 123 шақырым жол бар, оның 80 шақырымы республикалық, 98 шақырымы облыстық деңгейдегі жолдар. Ал аудандық деңгейдегі 145 шақырым жолдың 136 шақырымы асфальтталған. 401 көше болса, соның 87 процентіне тасжол салынған. Ал Ақмаядағы 9 көшенің 5-еуіне асфальт төселіп, толық жарық жүргізілген. Биыл 30 млн теңгеге тағы бір көшеге асфальт төсеу жұмыстары басталуда. Аудан әкімі Нұржан Ахатов өткен бейсенбі күні Ақмая аулының тұрғындарымен кездесуінде осылай деді.
– Бір ай бұрын ғана өздеріңізбен кездесіп, ұсыныс-пікірлеріңізді тізіп алдым. Тағы да айтарларыңыз болса, не сол жиынға қатыса алмай қалған кісілер болса тыңдауға дайынмын, – деді алты айлық есебін қысқа қайырған аудан басшысы.
– Бір ай бұрын ғана өздеріңізбен кездесіп, ұсыныс-пікірлеріңізді тізіп алдым. Тағы да айтарларыңыз болса, не сол жиынға қатыса алмай қалған кісілер болса тыңдауға дайынмын, – деді алты айлық есебін қысқа қайырған аудан басшысы.
Кездесуге жиналған ауыл халқы бірауыздан 2 жылдан бері мектеп директорының жоқ екенін айтып, мәселені шешуді сұрады. Оған аудандық білім бөлімінің басшысы Қанат Әмзеев:
– Заңда көрсетілген талапқа сәйкес мектеп директоры болып тағайындалу үшін кемінде 2 жыл үзіліссіз мектеп директорының орынбасары немесе мемлекеттік қызметші болуы және арнайы тесттен өтуі керек. Бұған дейін барлық мектеп директорларының орынбасарларымен жиын өтіп, қызметті ұсынғанбыз. Бірақ ауыл шалғай болғандықтан, көпшілігі аталған қызметке құлық танытпады. Қазір бір ғана кандидат бар. Ол – №46 мектеп директорының орынбасары Әлия Нұрманова. Бірақ оның бұл қызметті үзіліссіз атқаруға 4 ай уақыты жетпей тұр. Егер белгіленген мерзім аяқталып, тесттен өтсе, сол кісі жылдың соңына дейін мектеп директоры болып тағайындалады, – деп жауап берді.
Жиында сөз алған ауыл ақсақалы Сейтқасым Дәрібаев:
– Көшені асфальттап жатыр, ол үшін рақмет. Бірақ бірде бір көшеде тротуар жоқ. Осы мәселені шешіп берсеңіздер, – деген өтінішін айтты. Оған Н.Ахатов:
– Бұл өткен жолы айтылған еді. Ауыл әкімі орталық көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба сметалық құжаттарын әзірлейді. Содан соң аудандық бюджет есебінен тротуар салып береміз. Тағы айта кетейін, елді мекендерді асфальттаумен негізінен «Жолшы» мекемесі айналысып жатыр. Егер жөндеуден кейінгі жолдың сапасы көңілден шықпай жатса, міндетті түрде айтыңыздар. Мердігер мекеменің 2 жылдық кепілдемесі бар. Сол уақыттың ішінде сапасыз солынған жолды қайта істеуін талап ететін боламыз. Өткен жолғы жиында трансформатор мәселесі де айтылған болатын. Кеше ғана сессияда осы мәселе қаралды. Алдағы уақытта 2 млн 700 мың теңгеге ауылға жаңадан трансформатор алынады.
Ауылдағы келесі мәселе – ыза су. Бұл бойынша 7 саңылау (скважина) салуға құжаттар дайындалып, «Қазсушаруашылығына» ұсынылған. Олар өздерінің жоспарлаған кезеңі бойынша жұмыстарын жүргізеді, – деді.
Ауыл тұрғыны Кәмшат Шораева:
– Мен мектепте аспазшы болып жұмыс істеймін. Аудан бойынша мектеп аспазшыларына ешқандай әлеуметтік төлемдер, зейнетақы жарналары аударылмайды. Соның салдарынан емханаға қаралуға да мүмкіндігім жоқ. Кәсіпкерлер еңбек келісім шартын жасамайды. Тым болмаса жалдамалы жұмысшыларға уақытылы әлеуметтік аударымдарды төлеп отыруын қадағаласаңыз, – деп өтінішін айтты.
Нұржан Сәбитұлы мәселені назарға алатынын, алдағы уақытта зерттеп нәтижесін айтатынын жеткізді. Келесі болып кәсіпкер Жәмила Әділбекова сөз алды:
– Осыдан 3 жыл бұрын есіктің алдынан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақша дайындаған болатынмын. Бірақ әлі күнге дейін қаржысын ала алмай келемін. Осы мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймын, – деді.
Оған білім бөлімінің басшысы сұраныстың барлығын қанағаттандыра беруге мүмкіндік жоқ екенін айтты. Бірақ келесі жылдың қаржы жоспарына енгізуге болатынын жеткізді.
Жиын соңында ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжетай Палмағамбетов аудан әкіміне сәттілік тілеп, ақсақалдар ақ батасын беріп шығарып салды.
Әрі қарай аудан әкімі бастаған көш Тұран ауылдық округіне табан тіреді.
ТҰРАНДАҒЫ ТҮЙТКІЛ – қоғамдық көліктің құны
Тұран ауылындағы шешімін таппай тұрған мәселенің бірі – ыза су. Бұл туралы ауыл ақсақалы Құрманбек Қарекеев тарқатты.
Тұран ауылындағы шешімін таппай тұрған мәселенің бірі – ыза су. Бұл туралы ауыл ақсақалы Құрманбек Қарекеев тарқатты.
– Есігіміздің алды көл болып жататыны соншалық, жеміс ағаштары түгелдей өліп қалды, – деді қария. Оған «Шиелісушар» мекемесінің басшысы Дихан Әубәкіров:
– Бұл бұрыннан келе жатқан мәселе. Бірақ келесі жылы шешіледі. Бұйырса алдағы жылы 12 дренажды насос орнатамыз. Содан соң ыза су мәселесі түбегейлі шешіледі, – деді.
Жиында ардагер Көшер Боранов зейнетақы мен жалақы түссе ауыл халқы кентке қарай сабылып кететінін айтып, елді мекенге «Халық» банкінің банкоматын орнатуды сұрады. Оған аудан басшысы банк басшысымен келіссөз жүргізе отырып мәселені шешетінін айтты. Кездесуде көтерілген тағы бір мәселе – қоғамдық көліктің құны.
Ауылдағы қоғамдық кеңес төрағасы Қуандық Тоқсейітов еш ескертусіз қоғамдық көліктің қымбаттап кеткенін айтып, тәртіптің болуын талап етті. Негізінен заң бойынша қоғамдық көлікті қымбаттатпас бұрын ауыл әкіміне хабарлап, қоғамдық кеңес алдында талқылануы керек. Бірақ көлік иелері дизель отынының қымбаттағанын алға тартып, өз беттерінше бағаны көтерген. Мұнан өзге Тұранда шеткі көшелерді асфальттау, жарық шамдар орнату, жұмыссыздық мәселелері талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.
Жиделіде жайылымдық жер жетіспейді
Аудан басшысы түс ауа Жиделіарық ауылына қарай бет алды. Мұндағы негізгі мәселе – ауылдық амбулатория ғимараты. «Ғимарат өте тар. Емделушілер далада кезекте тұруға мәжбүр. Өйткені ғимарат ішіне 2 адамнан артық сыймайды» дейді ауыл тұрғындары. Жауаптылар бұл мәселені жақын уақытта шешу мүмкін емес екенін айтып, белгілі бір мерзім өтпей ғимаратты жаңартып, не жөндеуден өткізе алмайтындарын жеткізді. Жиделідегі клуб үйі де сақалды құрылысқа айналғалы қашан? Құрылыстың басталғанына бірнеше жыл өтсе де әлі күнге пайдалануға берілмеген. Бірақ аудан әкімі бұл мәселе назарында екенін айтып, жақын-жуықта қуанышты жаңалықтың болатынын хабарлады. Ауылдағы түйткіл мұнымен бітпеді. Ақсақалдар:
Аудан басшысы түс ауа Жиделіарық ауылына қарай бет алды. Мұндағы негізгі мәселе – ауылдық амбулатория ғимараты. «Ғимарат өте тар. Емделушілер далада кезекте тұруға мәжбүр. Өйткені ғимарат ішіне 2 адамнан артық сыймайды» дейді ауыл тұрғындары. Жауаптылар бұл мәселені жақын уақытта шешу мүмкін емес екенін айтып, белгілі бір мерзім өтпей ғимаратты жаңартып, не жөндеуден өткізе алмайтындарын жеткізді. Жиделідегі клуб үйі де сақалды құрылысқа айналғалы қашан? Құрылыстың басталғанына бірнеше жыл өтсе де әлі күнге пайдалануға берілмеген. Бірақ аудан әкімі бұл мәселе назарында екенін айтып, жақын-жуықта қуанышты жаңалықтың болатынын хабарлады. Ауылдағы түйткіл мұнымен бітпеді. Ақсақалдар:
– Егінмен айналысатын шаруашылықтар жерді әдейілеп қазып тастайды. Қорадағы малымыздан айырылып жатырмыз. Тіпті өз пайдалары үшін көпірге дейін қазып тастаған. Жайылымдық жер де жоқ. Төрт түлігімізді қайда апарып жаямыз? Шаруашылық иелеріне тосқауыл бола ма? – деген сауалын төтесінен қойды.
Н.Ахатов малға қасақана ор қазған кәсіп иелерімен сөйлесетінін, бірақ алдымен ауылда пада ұйымдастырып, сауынды сиырдан басқасын арнайы бекітілген жайылымдық жерде бағу керектігін айтты.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАБЫ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Мал жайылымы мәселесі Еңбекшіде де өзекті. Мұндағы халық та диқандар егістік жерді қоралаудың орнына қазғандарына наразы. Себебі қазылған жерге құлаған малдар аяғын сындырады екен. Сондай-ақ тұрғындар ауылдың іргесіндегі 500 гектар жерді мемлекетке қайтаруды талап етіп отыр. Тұрғындар кезінде белгісіз себептермен жекеге өтіп кеткен алқап негізінен жайылымдық жер болуы керек деп есептейді. Аудан басшысы өткен жолғы ауыл тұрғындарымен кездесуден кейін осы мәселеге мықтап кіріскен. Тұрғындардың талабын орындап, аталған жер телімін мемлекетке қайтаруға жұмыс істеліп жатқанын айтты. Ауыл іргесіндегі Қосүйеңкі елді мекенінде ауыз су мен аяқсу мәселесі кезек күттірмейтін түйткілге айналған. Бұл тұрғыда жауапты мамандар ауыз су жүргізуге жоба сметалық құжаттар жасалып жатқанын, бір жыл көлемінде мәселе оң шешімін табатынын, ал аяқсуды белгілі бір уақыт аралығында беруге болатынын айтты.
Осылайша аудан әкімі бастаған топтың бейсенбі күнгі іс сапары мәресіне жетті. Нұржан Ахатов кездесу барысында көтерілген бар мәселені түбегейлі зерттейтінін, 3 айдан кейінгі келесі кездесуде қалай шешімін тауып жатқаны жөнінде есеп беретінін айтты.
Айта кетейік, бүгінге дейін аудан халқының 68 проценті газбен қамтылған. Қазіргі таңда Еңбекші, Жиделіарық, Телікөл, Досбол би ауылдарына газ тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Одан соң Бәйгеқұм, Жөлек, Тартоғай, Майлытоғай, Сұлутөбе ауылдарын газдандыру жұмыстары екінші кезең бойынша іске асады деп жоспарлануда.
Ел тілегі ескерілді
Жұма күні аудан басшысы Ақтоған, Алмалы, Керделі және Қарғалы ауылдық округтерінде болып, тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді.
Жұма күні аудан басшысы Ақтоған, Алмалы, Керделі және Қарғалы ауылдық округтерінде болып, тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді.
Аудан әкімі аялдаған бірінші ауыл – Ақтоған. Ауыл жұрты айтылған уақытта клуб үйіне жиналып, алдымен аудан әкімінің жүзеге асырып жатқан жұмыстарын және алға қойылған мақсат-жоспарларын тыңдады. Ақтоғанда 7 көше бар. Оның 4-еуі асфальтталып, екеуіне тас төселген. Қажетінше жарықтандырылған. Ауылды абаттандыру бағытына да мейлінше көңіл бөлінген. Иә, тиісінше ұсыныс-тілектер жиынға қатысушылар тарапынан айтылды. Жұртшылық ауылдағы клуб үйінің және амбулаторияның ескі екенін, тарлығын айта келіп, жаңа ғимарат салу мәселесін көтерді. Мұнымен қатар жер мәселесіне қатысты өтініш те ескерілді. Ауыл тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер шешімін табатынын жеткізді аудан әкімі.
Есепті кездесудің екінші отырысы Алмалы ауылында жалғасты. Ауылдық мәдениет үйіне жиналған халықтың қарасы едәуір көп. Аудан әкімі ауылдағы клубтың күйін білетінін, спорт кешені салыну керектігінен хабардар екенін жеткізіп, сол бағытта жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.
Осылайша, кездесуге келген аудан тұрғындары өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап алды. Халықты толғандыратын мәселелердің басым бөлігі коммуналдық игіліктерге қол жеткізу. Жол жөндеу, жарықтандыру, ауыз су, газ мәселесі мазалайды. Мәселен, есеп беруде сөз алған қоғамдық кеңестің төрағасы ауылға амбулатория мен 5 трансформатордың қажеттігін, мал қағу, адам қағу проблемасын бүкпесіз айтты. Өздеріңіз білетіндей, Алмалы 4 ауылдан тұрады. Олар: Алмалының орталығы, 21 бекет, 20 бекет, Тоғайлы. Соның ішінде Тоғайлының тұрғындарын толғандырған мәселе көп-ақ. 12 отбасы тұратын елді мекенде балалар ойнайтын алаңқай, интернет, электр бағанасы мен ауыз су тапшы. Есептік кездесу соңында аудан әкімі Нұржан Ахатов әрбір тұрғынның талап-тілектері ескерілетінін, шешімін таппаған мәселелер бюджетке байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді.
Аудан басшысының жұмыс сапары түстен кейін Керделі ауылдық округінде жалғасын тапты. Атақты Нартай атын иемденген ауылда 550 отбасы тұрады. 15 көше түсіп, асфальтталған. Сәйкесінше, жарықтандырылған. Дейтұрғанмен, керделіліктердің алдағы уақытта ауылда электр маманы, пірарап пен мұрап болса деген ұсынысы бар. Қала берді аяқсу мәселесі де оңды шешімін тапса екен дейді.
Аудан әкімінің жұма күнгі соңғы есептік кездесуі Қарғалыда өтті. Ауыл халқы айтылған уақыт бойынша мектептің акт залына жиналып, алдымен аудан басшысының есебін тыңдады. Ауылда 7 көше бар. Оның алтауы асфальтталған. Жарықпен қамтамасыз етілген. Жөндеу жұмысы жүргізілмеген 1 көше келер жылға сметалық жобасы әзірленіп жөндеуден өтпек. Жер мәселесінің жөні қаралып, көлік қатынасы үздіксіз қатынап жатқандығы айтылды. Сонымен қатар азық-түлік бағасының, әсіресе ұн бағасы қалтаға қонымсыз екендігін тұрғындар тілге тиек етті. Аудан басшысы бұл мәселе бойынша қайта қарау жұмыстарын жүргізіп, ауылға жәрмеңке жасап, төмен бағада азық-түлік өнімдерін жіберетінін жеткізді.
Гүлхан ЯХИЯ,
Сұлушаш МАДИЯРОВА,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ
Сұлушаш МАДИЯРОВА,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ