Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі ауданында тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Шиелі ауданында тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Қызылорда облысында биыл энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында құны 17,3 млрд теңгені құрайтын 106 жоба жүзеге ­асырылуда.
Сонымен қатар Қызылорда қаласы мен Жалағаш, Шиелі ауданында тұрғын үйді жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 622 млн 160 мың теңге бөлініп отыр. Одан бөлек биыл мемлекеттік бюджет есебінен құрылыс саласында жалпы көлемі 60,6 млрд теңгені құрайтын 108 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы – 27, Арал ауданында – 5, Қазалы ауданында – 13, Қармақшыда – 13, Жалағаш пен Сырдарияда – 4, Шиелі – 5, Жаңақорған – 2, Қызылорда қаласында – 35 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жобалардың ішінде: облыстық қан орталығы, неке сарайы, мәдениет саласындағы көпсалалы кешен және 2 оқу корпустарының құрылысы бар.
Сондай-ақ аймақ басшысының тапсырмасымен жобалардың тиімділігін әрі сапасын, бюджет қаржысын тиімді пайдалану және тұрғындар үшін қажетті нысандарды салу жұмыстарын қадағалау үшін Кеңес жұмыс істеп ­жатыр.

«Өскен өңір» ақпарат
08 тамыз 2022 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031