Референдум – ең маңызды мәселелерді ел болып шешудің тетігі
Жалпыхалықтық референдум – бір ай бұрын көбімізге таңсық болған саяси термин. Негізінен референдум мемлекеттік, аймақтық, жергілікті жерге қатысты маңызы бар мәселелерді халықтық дауысқа салу деген мағынаны білдіреді. Ал оның Конституциялық, заңнамалық (заң жобасына қатысты) және міндетті деген түрлері бар. Біздегісі сол Конституциялық, яғни Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған түрі.
Негізінен Ата заңға өзгерістер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу мәселесін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 31-сессиясында ұсынды. Сессияда ол өзінің наурыз айында жолдаған жолдауының саяси жүйені өзгертуге бағытталғанын, ал бұл үшін Конституцияға ауқымды өзгерістер енгізу керектігін айтты. Сондай-ақ конституциялық реформа жасау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, олардың негізгі заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзірлегенін айтты.

«Біз конституциялық реформаның шешуші кезеңіне қадам бастық. Енді Негізгі заңды өзгертуіміз керек. Шын мәнінде, мұның ел тағдыры үшін айрықша мәні бар. Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті, мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені, мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс», – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қоғамдық штабтың еңбегі еселі
Осы сәттен бастап, еліміздің түкпір-түкпірінде арнайы түсіндірме топтары құрылып, азаматтарға референдум арқылы Конституцияға енгізілетін өзгерістер егжей-тегжейлі таныстырылды. Атап айтсақ, Шиелі ауданында қоғамдық штаб төрағасы Құттықыз Ыханова бастаған Болат Күлімет, Айткүл Әбдіқадырова, Рысдәулет Құдайбергенов, Тұрмат Баймағанбетов, Ғани Есімов, Зәуре Жұмабаева, Ғалымжан Байжанов, Гүлнар Дүйсебай, Ынтымақ Қаппаров қоштаған азаматтар саяси науқанның маңызын насихаттады. Тіпті, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских, Мақсат Раманқұловтар да ауыл-елді аралап, тұрғындарды еліміз үшін айрықша маңызға ие саяси науқаннан құр қалмауға шақырды.

Оосылайша белгіленген күн де жетті. Таң атқаннан бастап-ақ, ел аумағында жасақталған 10 мыңнан астам сайлау учаскесіне ел азаматтары ағылып келе бастады. Бір қуантарлығы сайлау учаскелеріне алғаш болып ақсақалдар келіп, жастарға үлгі-өнеге көрсетті, Атап айтсақ, Керделі, Бәйтерек, Еңбекші, Майлытоғай ауылдық округтерінде 80-нен асқан ақсақалдар белсенділік танытып, оларға құрмет ретінде шапан жабылды. Аудандағы жалғыз көзі тірі Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбек Байжановтың үйіне арнайы сайлау жәшігі апарылып, ғасыр жасаған асқақалдың дауыс беруіне мүмкіндік туды. Ал Жиделіарық ауылдық-округінде ең жас дауыс беруші Мадияр Нұрғалиұлына естелік сыйлық табысталып, саяси белсенділігі ескерілді. Сондай-ақ «мүмкіндігі шектеусіз» жандардың дауыс беру құқығы да ұмыт болмай, олар үшін 1 инватакси арнайы көлігі және 2 жеңіл автокөлік қызмет көрсетті. Нәтижесінде Қызылорда облысына қарасты аудандардағы алдын ала көрсеткіштер мынадай болды:
Арал ауданы бойынша – 90,22%
Сырдария ауданы бойынша – 89,66%
Қазалы ауданы бойынша – 89,59%
Жалағаш ауданы бойынша – 89,54%
Жаңақорған ауданы бойынша – 87,82%
Қармақшы ауданы бойынша – 87,76%
Шиелі ауданы бойынша – 87,10%
Қызылорда қаласы бойынша 66,09 процент тұрғын дауыс берген.
Республика бойынша Түркістан мен Қызылорда көш басында. Тарихи күндегі жағдайға оралсақ, түскі 12:00-дегі жағдай бойынша дауыс берушілердің 43,70 проценті өз таңдауын жасап, азаматтардың белсенділігі бойынша Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстары көш бастады. 14:00-дегі нәтижелерге сүйенсек, ел бойынша 6 млн 262 мың 973 адам өз таңдауын жасап, референдум заңды түрде өткізілген болып танылды. Себебі сайлау заңнламаларына сәйкес сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, ол заңды болып есептеледі. Ал 16:00-дегі көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы халқының 72 проценті дауыс беріп, көш ілгері шықты. Дегенмен түнгі 22:00-дегі қорытынды нәтижелер бойынша Түркістан облысы 80,66 процент дауыспен 1-ші орынға тұрақтаса, Қызылорда облысы 79,89 процентпен 2-ші орынға табан тіреді. Жалпы алғанда дауыс беруге құқылы 12 миллионнан астам ел азаматтарының 68,44 проценті референдумға үн қосты.
Референдум нәтижесі
Енді сайлаудың Exit poll, яғни дауыс берушілер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелеріне тоқталайық. Мәселен, «Социс-а» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының экзитполының нәтижелері бойынша: «Иә» деп 76,7 проценті; «Жоқ» деп 23,3 проценті дауыс берген. Ал «Қоғамдық пікір» зерттеу институты экзитполының мәліметтері бойынша қатысушылардың 74,8 проценті «иә» деп дауыс берсе, 25,2 проценті қарсы дауыс берген. Естеріңізде болса, соңғы президент сайлауында да алдымен дәл осы Exit poll сауалнама нәтижелері жарияланған болатын. Артынша жарияланған сайлау нәтижелері де соған сәйкес болды. Демек жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Ата заңымыздың үштен бір бөлігіне өзгерістер енгізілді деп сеніммен айтсақ болады.

Ата заңғы енгізілген өзгерістер қандай?
Енді сол референдум арқылы ензілген ауқымды өзгеріске тоқталайық.
Енді сол референдум арқылы ензілген ауқымды өзгеріске тоқталайық.
1) 6-бап 3-тармақ. «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» деген тармақ енді. «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар ХАЛЫҚҚА ТИЕСЛІ. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деп өзгереді.
2) 15-бап 2-тармақ. «Адамды өмірінен айыруға ешкімнің құқысы жоқ. Өлім жазасы заңмен тағайындалады» деген баптан өлім жазасы алынып тасталады.
3) Сондай-ақ жаңадан енгізілген баптар да бар. Мәселен енді 43 бапта «Өзінің президенттік өкілеттілігін атқарған уақытта ҚР Президенті ешқандай саяси партияға мүше болмауы тиіс. Әрі оның жақын туыстары мемлекеттік қызметтерде, квазимемлекеттік субъектілерде қызмет жасамайды».
4) 46-бап 4-тармақ. «Тұңғыш Президенттің өкілеттіктері ҚР Конституциясымен белгіленеді» деген бап алынып тасталады.
5) 50-бап 3-тармақ. «Мәжіліс Конституциялық заңмен белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады» деген тармақ енді «Мәжілісте 98 депутат болады. Бұл 98 депутат аралас жүйе бойынша сайланады: депутаттардың бір бөлігі партиялық тізімдер арқылы, екінші бөлігі кандидатты халықтың тікелей сайлауы арқылы сайланады» деп өзгереді.
6) Конституциялық кеңес болса, Конституциялық Сот болып қайта құрылады. 72-бап. «Конституциялық сот – мемлекеттің конституциялық негіздері мен адамның конституциялық құқықтарын қорғауға сот актіні, оның ішінде сот шешімін шығаруға негіз болған заңды қайта қарауға құқылы болады».
7) Бұрын 87-бап 4, 5-тармақтарында «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды» деп жазылса, енді бұл тармақтар «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Республика Президенті ДАУЫС БЕРУ ӨТКІЗІЛЕТІН КЕМІНДЕ ЕКІ КАНДИДАТУРА ҰСЫНАДЫ. Дауыс беруге қатысқан мәслихаттар депутаттарының көп дауысын алған кандидат келісім алған болып есептеледі» деп өзгертіледі.
8) 91-бап 2-тармақ. «Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі өзгермейді» деген тармақтағы Елбасына қатысты сөйлемдер толықтай алынып тасталды. Осылайша, Елбасының, Тұңғыш Президенттің өкілеттілігі жаңа редакцияда толықтай жойылады.
Рамазан ӘНӘПИЯ