Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Керделі халқы депутаттардың ел арасында жүргеніне разы

Керделі халқы депутаттардың ел арасында жүргеніне разы

Бүгін Керделі ауылдық округінде ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева, Парламент депутаты Мақсат Раманқұлов, облыстық мәслихат депутаты Манат Алмашеваның қатысуымен жалпыхалықтық референдумның маңызы туралы жиын өтті.

Оған 200-ден астам тұрғын қатысып, Ата заңға енгізілетін өзгерістер турасында өз ойларын ортаға салып, тың ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ ауыл ақсақалдары тарапынан әйелдердің зейнет жасын қысқарту, ірі кәсіпкерлерді ауылға қызмет етуге міндеттеу, әрі ауыл әкімдерінің ықпалын арттыру секілді ұсыныстар да айтылды.

Ал жиын соңында керделіліктер депутаттарға алғыстарын білдіріп, олардың ел арасында жүргеніне қуанышты екендіктерін айтты.

Рамазан ӘНӘПИЯ
01 маусым 2022 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930