Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Журналист С.Бермағанбетов атындағы байқау ережесі

Журналист С.Бермағанбетов атындағы байқау ережесі

Жалпы ереже

1.Журналист Сағитжан Бермағанбетов атындағы сыйлықты иеленушілерге арналған «Ең үздік жас журналист» байқауы облыстық деңгейде ұйымдастырылады
2.Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы «Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы» КММ
Байқаудың мақсаты
3.Жас журналистердің шығармашылығының дамуына қолдау көрсету
4.Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
Байқау төмендегі тақырыптар бойынша қабылданады
1)«Жаңа Қазақстан» сөзінің мағынасын ашу
2)Заманауи медиа және бүгінгі журналистиканың келбеті
3)Тамыры терең, тарихы кенен - Сыр елі
Материал бағытын өзгертпестен тақырыбын өзгертуге болады.
Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға
қойылатын талаптар
5.Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы жанынан комиссия құрылады. Комиссия құрамын Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы бекітеді.
6.Байқау 2022 жылғы 28 мамыр мен 20 маусым аралығында жарық көрген жарияланымдарды, эфирден өткен хабарларды қамтиды.
7.Байқауға жасы 30-ға дейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер қатыса алады.
8.Байқау материалдарды жарияланған күйінде (газет-журналдар беттерінде, бейне және аудиотаспалар түрінде, интернет-ресурстарда) тиісті баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерінің ұсынысы бойынша қабылданады.
9.Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылу тереңдігі, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, журналистік шығармашылық әдістерінің ерекшелігі, тың ақпаратты сараптау мен зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі есепке алынады.
10. Байқауға қатысушылар комиссия хатшысына (Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі №1, Қызылорда облысы әкімдігі ғимаратының
№313-бөлмесі, байланыс телефондары:8 (7242) 60-53-21 мынадай құжаттарды қоса жібереді:
1) Төмендегі деректер көрсетілген өтініш:
- автор туралы мағұлматтар /туған жері, күні, айы, жылы;
- жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті.
2) байқау материалы жарияланған газет, журналдың көшірмелері (сканер арқылы), теле-радио бағдарламалардың DVD, CD форматындағы дискілерге жазылған нұсқасы (қағазға түсірілген нұсқасымен бірге), интернет ресурс сілтемелері (скриншоттарымен бірге).
11. Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.
12. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.
Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі
13. Байқау үш кезеңнен тұрады.
1) 2022 жылғы 28 мамырдан 20 маусымға дейін – байқауға қатысушылардан материалдар қабылдау.
2) 2022 жылғы 21 маусымнан 23 маусымға дейін-материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;
3) 2022 жылғы маусым айының соңғы аптасы-байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.
14. Байқау жеңімпаздары Қызылорда облысы әкімдігінің дипломымен және сыйлықтарымен марапатталады.




















28 мамыр 2022 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930