Жүйелі жұмыстар жалғасын таппақ
«Әкім бол – халқыңа жақын бол» деген қағиданы берік ұстанған аудан әкімі Нариман Мақұлбеков сейсенбіде шалғай орналасқан төрт ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен жүздесті. Онда бірқатар мәселелерді талқылап, ауыл әкімдерінің істеген жұмыстары пысықталды.
Сүт фермасы ашылмақ
Алдымен Талаптан ауылдық округіне табан тіреген аудан басшысы Н.Әскербекұлы ауылдық клуб үйінде тұрғындар мен ауыл ардагерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан ең бірінші табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған аудан әкімі бүгінгі таңда өңірдің 68 проценті газбен қамтылғанын тілге тиек етті. Енді сыйымдылығы үлкен автоматтандырылған газ реттеуші станция салуға мемлекеттік бюджеттен 21 миллиард қаражат қаралып, Тартоғай, Жаназар батыр, Сұлутөбе, Бірінші мамыр, Майлытоғай, Талаптан, Бәйгеқұм ауылына газ тартылатын болады деді. Мұнан соң ауыл тұрғыны Асылхан Рыспанбетов ауылдағы өзекті мәселе аяқ судың жетіспеушігі екенін жеткізді.

Бұл сұраққа «Шиелісушар» өндірістік мекемесінің басшысы Дихан Әубәкіров жауап қатты. Өздеріңіз білетіндей егін науқаны жүріп жатыр. Оның үстіне Дарияда судың деңгейі төмендеп кетті. Маусым айының 15-іне таман су деңгейі жоғарылап барлық шаруашылықтарға жеткізілетін болады, – деп түсіндірді. Ал Зейнеткер Қуандық Өтешов «Мал-жанның амандығы керек. Алайда жылына бір рет болса да қора жайды дәрілеу жұмыстарын жүргізсе, одан бөлек ауыл сыртынан қоқыс төгетін палигон керек» деген ұсынысын жеткізді. Зейнеткер Асылбек Тәжиев болса Бала би емхана ғимараты санитарлық талапқа сай келмейтінін айтып, жаңа емхана салу және тіс дәрігері керектігін сөз етті. Ал оған аудан басшысы Н.Мақұлбеков Талаптан ауылына «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы жаңа амбулаторияның құрылысы жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ аудан басшысы барлық айтылған мәселелер назардан тыс қалмайды деді. Айта кетейік бұл ауылдың басты жаңалығы «Бала би-2004» өндірістік кооператив төрағасы Пернебай Күзенбаевтың басшылығымен ашылатын сүт цехы болмақ. Өндіріс орны ашылған соң 20 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
Әлеуметтік мәселе шешімін таппақ
Келесі келелі кездесу Бәйгеқұм ауылында жалғасын тапты. Ауыл халқы Досбол би, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев көшелерін күрделі жөндеуден өткізіп берсе деген ұсыныс айтты. Ал ауыл ақсақалы Сұлтан Батырбеков аурухана жайын сөз етті. «Аурухана 1982 жылы типтік жобамен салынған екі қабатты ғимарат. Бүгінде қырық жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген емхананың іші-сырты әбден ескірді. Сондықтан күрделі жөндеуден өткізсеңіздер. Себебі мұнда күні-түні дәрігерлер нақасты қарайды. Ауылдың қарты да, жасы да, жүкті әйелдер де осы ауруханаға жүгінеді» деді.

Көтерілген мәселеге «Алдымен аурухананы толық тексеруден өткізетін боламыз. Барлық құжат түгелденген соң міндетті түрде күрделі жөндеуге жібереміз» деп жауап қатты орталық аурухананың бас дәрігері Н.Әмір.
Одан бөлек ауылдық аурухананың аға дәрігері Зағира Реджепқызы 2008 жылы берілген жедел жәрдем көлігінің ескіргенін айтып, соны жаңартып беруді сұрады.
Ал мектеп директоры Нұрлан Батырбеков №251 М.Әуезов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмысы қажет десе, ауыл тұрғындары темір жолдың арғы бетінен қатынап оқитын оқушылардың қауіпсіздік мәселесін көтерді. Сондықтан мектепке оқушыларды тасымалдайтын көлік қарастыруын сұрады.
Аталған мәселелерге аудан әкімі жеке -жеке жауап берді. Мәселен, мектеп құрылысын жүргізуге қаражат бөлуді қарастыратынын айтса, көлік мәселесі қыркүйек айында шешіледі деп сендірді.
Тауық фермасы салынады
Түс ауа аудан басшысының іс сапары Жөлек ауылында жалғасты. Аудан басшысы халықпен амандық-саулық сұрасып бірден мәселеге көшті. Жөлектіктерді алаңдататыны электрик маманының жоқтығы. Жарық та жиі өшіп қалады. Сол сәтте маманның көмегіне жүгінуге тура келеді дейді олар. Егер маман табылмаса қоғамдық негізде жұмысшы қабылдайық деген ұсыныстар да айтылды.

Бұл мәселеге Шиелі аудандық халықты жұмыспен қамту және хал актілерді тіркеу орталығының басшысы А.Төлегенов жауап берді. Оның айтуынша жастар қоғамдық жұмысқа тартылатын болса таза айлығы 57000 мың теңге болмақ. Алайда жастар қоғамдық жұмыспен жұмыс істеуге құлық таныта бермейді.
Жөлектегі жиі айтылатын мәселе тозығы жеткен трансформатор болатын. Аудан әкімі Н.Әскербекұлы бұл мәселе биыл шешімін табады деп сендірді. Сонымен қатар ауылдық мәдениет үйінің жылу қазандығын ауыстыруға мемлекеттік бюджеттен 52 млн қаражат бөліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ, 90 балаға арналған балабақша және тауық фермасы ашылады деп қуантты.
Ортақшылда оңды істер
Ортақшыл тарысымен танылған ауыл. Бұл ауылда 150 орындық мәдениет үйінің құрылысына 6,5 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Одан бөлек жаңа амбулаторияның құрылысы да биыл жүзеге асады. Сонымен қатар аудан әкімі Н.Әскербекұлы ортақшылдықтарға да бір трансформатор берілетінін тілге тиек етті. Жергілікті тұрғындардың атынан Әбіласан Жүсіп сөз сөйлеп, аудан басшысы мен ауыл əкімінің жұмыстарына көңілі толатынын жасырмады.

Ш.Тілеубаев