Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды – Марат Ахметжанов

Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды – Марат Ахметжанов

Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды – Марат Ахметжанов
Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңсыз қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар не әкімшілік, не қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл заңмен көзделген. Сондықтан табылған қару-жарақты полицияға тапсыруға шақырамын», - деді министр. Сонымен қатар ұрланған қару-жараққа қатысты кез келген ақпаратты «102» немесе 72-22-45 нөмерлеріне хабарлауды сұрады. «Елімізде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шара қабылдануда», - деп аяқтады сөзін Марат Ахметжанов.

https://www.inform.kz/kz/zansyz-karudy-oz-erkimen-tapsyrgandar-zhauapka-tartylmaydy-marat-ahmetzhanov_a3910754
14 наурыз 2022 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031