Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда «жасыл» аймаққа өтті

Қызылорда «жасыл» аймаққа өтті

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі 4 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Оған сәйкес Қызылорда облысы «жасыл» аймақта.
Ал басқа өңірлерге келер болсақ, «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. «Жасыл» аймақта: Қызылорда, Түркістан облыстары.
Қызылорда облысының жасыл аймаққа оралуына соңғы аптада індеттің таралу көрсеткішінің төмендеуі себеп болды. Мәселен, қауіпті індет 31 қаңтарда 55 адамнан, 1 ақпанда 20 адамнан, 2 ақпанда 49 адамнан, 3 ақпанда 48 адамнан, 4 ақпанда 38 адамнан анықталған. Бұл көрсеткіш өткен апталармен салыстырғанда бірнеше есе төмен.
Алайда елімізде балалар арасында індеттің таралу қарқыны бәсеңдемей отыр. Қаңтар айының ортасынан бастап біз сырқаттанушылықтың айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. Бұл сөзімізді денсаулық сақтау министрі де растап отыр. Оның айтуынша, соңғы аптада оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен ауыру 1,3 есе өскен. Сондықтан тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтап, балаларымыздың денсаулығына абай болуға шақырамыз.

Р.БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
04 ақпан 2022 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031