Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІЛІК АҚЫНДАР «СЫР САНДЫҚқа» ЖЫР САЛДЫ

ШИЕЛІЛІК АҚЫНДАР «СЫР САНДЫҚқа» ЖЫР САЛДЫ

Оқырмандар үшін тағы бір жаңа кітап жарық көрді. Қызылорда облысы студенттер ­сарайында «Сыр сандық» атты Сыр ақындарының антологиясының тұсауы кесілді. Жинаққа Сыр өңірінің жетпістен аса ақындарының өлеңдері енгізілді.
Жаңа жинақтың тұсаукесер рәсімінде қазақ поэзиясының гладиаторы атанған Шаһизада Әбдікәрімов, филиология ғылымының кандидаты ­Шанжархан Бекмағанбетов, айтыскер ақын Серік ­Ыдырысов, балалар ақыны Қуат Адис жас таланттарға жылы лебізін білдіріп, батасын берді.
Кітаптың жарық көруіне жас­тар жанашыры, облыстық мәслихат депутаты Мағжан ­Ералиев демеушілік жасады.
– Сырдағы жас ақындар ­антологиясы алғаш рет жарық көріп отыр. Бұл қуанарлық һәм құптарлық жайт. Өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан жас жыр жүйріктерінің ­жолы­на сәттілік тілеймін. «Сыр сандықтың» халқына айтары көп болсын. Алдымдағы асқар тау ағаларымның жоқтығына жабырқап жүруші едім. Бүгін жайқалған жас толқынның көптігіне сүйсініп отырмын. Сіздерге айтарым, өлеңге адал болыңдар. Сонда ғана шығар шыңдарың биік болады, – деді ақын Шаһизада Әбдікәрімов.
Сыр ақындарының жыр жинағына шиелілік әріптесіміз Сымбат Сұлтан мен Рыскелді Жахманның өлеңдері де енді. Сондай-ақ, Талғат Күзембай, Әлфараби Бекарысұлы, ­Елдар Әмірхан, Бекзат ­Сандыбай, Бекжан Ержігіт, Жаннұр Нұрланқызының жыр шумақтарын да оқи аласыздар.

«Өскен өңір» ақпарат
21 желтоқсан 2021 ж. 993 0