Қызылорда: Өңірлік журналистиканың медиаменеджент мәселелері талқыланды

«Журналистикадағы сапалы контент – сараптамалық материалды талдап, зерттеп жазу. Қазіргі таңда бүгін орын алған жағдайға байланысты ақпараттық сараптамалық мақала дайындау үшін бір апта немесе үш күніңіз кетуі мүмкін. Бірақ бұл материалыңызбен оқырманың назарын аудара алмайсыз. Себебі қазір тек жылдам ақпарат тарау керек», – деді Ғалымжан Елшібай.Семинар барысында «Tukistan media Holding» бас директорының орынбасары Тельман Бейсен басылымға сапалы контент жасау үшін ең алдымен медиаменеджмент жақсы болу қажет екенін айтты. Сондай-ақ «Сыр медиа» ЖШС осы саланы үздік меңгерген мекемелердің алғашқыларының бірі екенін де ескертті.
Семинар тренинг соңында аудандық газет редакторлары мен оқу орнының оқытушылары мен студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
https://kyzylorda-news.kz