Көп пәтерлі үйлердің игілігін көпбалалы отбасылар көреді
Әлемдік ақпаратқа сүйенсек, халықтың тұрғын үй мәселесін түпкілікті шешкен бірде-бір мемлекет жоқ екен. Ал, Қазақстанда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аталған мәселені шешуде кешенді шаралар қолға алынуда. Мәселен, Шиеліде өткен жылы 52691 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Былтыр аудан орталығынан үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй салынды. Оған облыстық бюджеттен 213,1 млн теңге қаржы бөлінді. Пәтердің кілті бірінші кезекте көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді.
Бұл күнде өңірде баспана іздеп, үй кезегіне тұрған 1241 шиелілік бар. Бір қуаныштысы жыл соңына дейін 18 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде. 709 737 410,59 теңге қаржы қаралған жобаға бас мердігер компания «Жабдықтау» ЖШС екен. Жоба бойынша 12 пәтер 2 бөлмелі, 6 пәтер 3 бөлмелі. Сондай-ақ, аудан тұрғындарына жеке баспана салу мақсатында «Шұғыла» №2, №3 және «Шығыс» №4 мөлтек аудандарының инженерлік-инфрақұрылымына 145,8 млн теңге қаржы қаралған. Тұрғын үй ипотекалық және жалдамалы бағытта беріледі. Ал, тұрғын үйге қол жеткізу үшін кезекте тұрған баспаналы болуға ниетті адамдар тиісті құжаттарын әзірлеп, «Отбасы банкі» АҚ-ның Қызылорда филиалына өткізуі қажет.

– «Бақытты отбасы» бағдарламасы – табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған тиімді жобалардың бірі. Оған кезекке тұру үшін соңғы 6 ай көлемінде отбасының әр мүшесіне келетін айлық табысы 3,1 күнкөріс минимумынан артық емес, яғни 106 336 теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ, оған көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары, толық емес отбасы санатындағылар қатыса алады. Аталған бағдарлама 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. 2019-2020 жылдары бағдарламаға қатысушыларға бөлім арқылы 54-ке жуық жолдамалар беріліп, 26 азамат тұрғын үймен қамтылды. 2021 жылдан бастап өтініш беру электронды жүйеге ауысып, бүгінгі күнге дейін 14 өтініш түскен. Түскен өтініштер «Бақытты отбасы» бағдарламасының талаптарына сәйкес келіп, «Отбасы банкі» АҚ ҚОФ-ы арқылы мақұлдау берілді. Алдағы уақытта өтініш берушілер тарапынан үй іздеу, таңдау сияқты тиісті жұмыстар жүргізіліп, баспанамен қамту жоспарлануда. Аталған бағдарламаға сәйкес Шиелі ауданы бойынша 2019 жылы 8 отбасы, 2020 жылы 18 отбасы тұрғын үймен қамтылған, – деді аудандық ТКШ бөлімінің маманы.
Көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қашан аяқталады? Бұл сұрағымызға аудандық құрылыс бөлімі былай деп жауап қатты.
– Ағымдағы жылдың қаңтар айында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға тұрғынжай сатып алу үшін республикалық бюджеттен 168 000 000 теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда «AmanatTradeGroup» ЖШС-гі Шиелі кенті Шұғыла мөлтек ауданынан 2,0 гектар жер телімін алып, тұрғын үйлердің құрылыс монтаж жұмыстарын бастады. 2021 жылдың қараша айында барлық 20 үйдің құрылыс монтаж жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Сөзіміздің әлқиссасында айтып өткендей былтыр 52691 шаршы метр көп қабатты тұрғын үй «Отбасы» банкі арқылы несиеге берілген. Яғни, үкіметтің «5-10-20» бағдарламасы арқылы мүліктің 10 процентін алдымен төлеп, 20 жылға 5 проценттік үстемемен сатып алуға болады. Ал, биылғы жылы шаңырағын сәбимен толтырған көпбалалы отбасылар үшін жағымды жаңалықтың лебі есіп тұр. Бұйырса көп пәтерлі үйлердің игілін көпбалалы отбасылар көретін болады.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ