МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨСІМ БАР
Жуырда облыс әкімдігінің баспасөз залында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев пен облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев брифинг өткізді.
Статистикалық деректерге сүйенсек, мал шаруашылығын тұрақты мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде бүгінгі күні мал басының және мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің өсу үрдісі қалыптасып, облыс бойынша өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-7,1%-ке, қой мен ешкі – 6,1%-ке, жылқы 13,2%-ке, түйе 8,1%-ке көбейген. Өткен жылмен салыстырмалы түрде айтсақ, 20,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 49,5 мың тонна сүт және 4,0 млн дана жұмыртқа өндіріліп, ет өндірісі 2,5%-ке, сүт өндірісі 2,1%-ке, жұмыртқа өндірісі 11,9%-ке артып отыр.
Статистикалық деректерге сүйенсек, мал шаруашылығын тұрақты мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде бүгінгі күні мал басының және мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің өсу үрдісі қалыптасып, облыс бойынша өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-7,1%-ке, қой мен ешкі – 6,1%-ке, жылқы 13,2%-ке, түйе 8,1%-ке көбейген. Өткен жылмен салыстырмалы түрде айтсақ, 20,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 49,5 мың тонна сүт және 4,0 млн дана жұмыртқа өндіріліп, ет өндірісі 2,5%-ке, сүт өндірісі 2,1%-ке, жұмыртқа өндірісі 11,9%-ке артып отыр.
Облыс әкімімен бекітілген іс-шарасына сәйкес биылғы қысқа түсетін 534,7 мың шартты мал басына 769,9 мың тонна мал азық дайындау жоспарланған болатын. Осыған орай, облыс бойынша 663,0 мың тонна шөп дайындалып, қажеттіліктің 86,1 процентін құрап отыр. Сонымен қатар, облыс бойынша қыс мезгіліне жоспарланған 213,6 мың тонна жемнің бүгінгі күні 30,2 мың тоннасы дайындалып, 14,2%-ін қамтыды. Сондай-ақ, күріш сабанын өртемей, қазан айының ішінде жоспарлы 172,5 мың тонна күріш сабанын жинап алу жоспарлануда. Осыған сәйкес, шөп жинау науқаны әліде қарқынды жүруде. Мұнымен қоса, өңірдегі күріш өңдеу кәсіпорындары арқылы 114,7 мың тонна күріш қалдығын және күріш жемін өндіру жоспарланған болатын. Күріш салылары қырманға түсіп ақталғаннан бастап күріш жемінің өндірісі басталады.
– Қазіргі таңда, өз өндірісімізден 14,6 мың тонна азықтық дақылдар жиналса, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» арқылы 490,0 тонна жем сатып алынды. Бұдан бөлек, 3 шаруашылық өз күштерімен Қостанай және Түркістан облыстарынан 140,0 тонна жемдік бидай сатып алуға қол жеткізді.
Малдарға қажетті құрама жемдердің жетіспейтін көлемін Солтүстік облыстардан сатып алу мақсатында «Азық-түлік келісім шарт»ҰК» АҚ-мы арқылы жеңілдетілген бағада жем сатып алуға тапсырыс берілді. Осыған орай, облыстық оператор болып анықталған «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мы арқылы 100,0 млн теңге қаражат бөлінді, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.
– Арал ауданында орын алған қуаңшылықтың салдарынан 595 бас мал өлім-жітімге ұшырады. Осыған сәйкес, Арал ауданы бойынша арнайы штаб құрылып, орын алған жағдайды зерделей келе, заңға сәйкес аудан әкімінің шешімімен ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Арал ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын.
Арал ауданындағы шаруаларға көмек көрсету мақсатында облыс әкімінің резервінен 250 млн теңге, оның ішінде 49,5 млн теңге шөп тасымалдайтын көлік шығындарын жабуға 200,5 млн теңге мал суаты жайылымдарды, шабындықтарды суару және Арал ауданындағы Қамыстыбас пен Ақшатау көлдері жүйелерін суару мәселелерін шешуге бағытталды. Сонымен қатар, Арал ауданында «Аралым – айдын шалқарым» атты қайырымдылық қоры ашылып, жергілікті кәсіпкерлер, сондай-ақ аймақ фермерлері, түрлі қайырымдылық қорлары арқылы 262,0 млн теңге қаражат түсті. Оның ішінде Болат Өтемұраттың қайырымдылық қорынан түскен 213,0 млн теңге қаражатқа Арал ауданындағы аз қамтылған 2387 отбасына 901,8 тонна шөп және 898,8 тонна жем алып берілді. Сондай-ақ, әр аптаның сенбі күні Арал ауданында жем-шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылуда, – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.
Бұдан бөлек, шаруашылықтардың мал азығына жұмсаған шығындарды субсидиялауға қатысты өткен жылы облыстық бюджеттен 730,0 млн теңге қаржы бөлініп, қаржының жетпей қалу салдарынан 321 шаруашылықтың өтінімдері субсидиялау базасының резервіне түскен болатын. Ағымдағы жылы мал шаруашылығын субсидиялау қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, былтыр түскен өтінімдер толықтай қанағаттандырылды. Ал, биыл облыс әкімінің ықпалымен тауар өндірушілердің мал азығына жұмсаған шығындарын ішінара субсидиялауға республикалық бюджеттің резервінен 1,7 млрд теңге қаржы бөлінді.
Ақбота Баянбай