Адамға темір жетпейтінін білдіретін 8 белгі
Kyzylorda-news.kz. Ағзасына темір жетіспейтін адамның қаны аз болады. Әсіресе гемоглобин түсіп кетеді. Ал гемоглобин – қанға түскен оттегіні тасымалдайтын, өкпеден дене мүшелеріне жеткізетін бөлшек. Қанның ақуыз қызыл бөлшегі.
Одан бөлек темір адамның иммунитетін көтеруге, энергия бөлуге, ДНК синтезіне, бұлшық ет жұмысына, қалқанша без гормонының бөлінуіне қатысады.
Сондықтан ағзадағы темір мөлшеріне қарау өте маңызды. Ал ағзаға темір жетпейтінін қалай білеміз?
Ол үшін Ұлыбритания диетологі Роб Хобсонның Express басылымына берген сұхбатында айтылған көп біліне бермейтін белгілерін атап өтейік.
Әлсіздік, аяқ асты әлсіздік. Ағзаға темір жетіспесе, гемоглобин тез түзіліп үлгермейді. Ал гемоглобинді оттегі тасымалдаушы бөлшек екенін жоғарыда айттық. Ендеше гемоглобин жетіспесе – ағзаға оттегі жетпей, тыныс тарылады. Жүрекке салмақ түсіп, қанды қатты айдауға көшеді. Ал оттегі жетпеген соң, буын мен бұлшық ет қуатынан айырылып, содан әлсіздік басталады.
Аққұба, бозарған түр. Бет-әлпет сұрланған, бозарған күйге енсе, тіс пен қабақтың, тырнақтың асты ағара бастаса – бұл темір жетпеудің белгісі. Қанда гемоглобин азайып кеткендіктен, қанның қанық қызыл түсі сола бастайды. Содан ағзаның түкпір тұстарына қан жетпей қалуы мүмкін.
Бас ауру мен бас айналу. Дәрігердің айтуынша, бұл да гемоглобинге байланысты белгі. Яғни, қанда гемоглобин аз болған соң, басқа оттегі жетпей, қан қысымы пайда болады. Содан қан тамыры ісінеді. Бас ауруы содан пайда болады.
Ентігу. Бұл түсінікті. Адамға ағзасына оттегі жетпегесін оны толтыру үшін демігіп тыныс алатыны анық.
Бет-әлпет пен шаш құрғауы. Бәрі оттегінің жетіспеуінен шығады. Басқа оттегі жетпегесін құйқаға оттегі жетпей, құрғап кетеді. Оның үстіне, темір – шаштың өсуіне қажет микроэлемент. Ол жетпесе, шаш түседі.
Көп инфекция. Темір ағзаның иммунитетін қалыптастыруға көмектеседі. Лимфоцит азайған иммунды жасуша инфекцияға қарсы тұра алмайды. Содан ағзада инфекция көбейіп кетеді.
Көңіл-күй түсу. Темір бақыт гормоны – дофаминді бөлісуге қатысады. Ол азайса, адамда көңіл-күй болмайды.
Жерік болу. Ағзасында темір аз адам бір түрлі заттарға жерік болады. Мұз, балшық, бор, қағаз бен әк жеу – осының белгісі.https://kyzylorda-news.