Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Гүлшара Әбдіқалықова Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды


Абай күніне орай, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қызылорда қаласы әкімі Ғанибек Қазантаев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы республика көлемінде аталып өтті. Үкімет қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып белгіленді.
Айтулы мерекеге орай ақынның есімін ұлықтау мақсатында облыс мәдениет ұйымдарында онлайн форматта  түрлі мәдени танымдық шаралар өтіп жатыр.
Өңірдегі 4 білім беру ошағына, 86 көшеге Абай есімі берілген. Қызылорда қаласындағы Назарбаев даңғылының бойында орналасқан аллеяға Абай есімі беріліп, қара сөздері тасқа қашалып жазылған.
Абай ауылындағы мектеп ауласына бюсті, «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар» мектебінің ауласына ескерткіші орнатылған.​https://egemen.kz​​​
10 тамыз 2021 ж. 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031