Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР МҚІА-мен жүргізілген тексерулер нәтижесінде 90% жағдайда қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

ҚР МҚІА-мен жүргізілген тексерулер нәтижесінде 90% жағдайда қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты 184 өтініш келіп түсті.
Осының негізінде Агенттік және аумақтық бөлімшелерімен 101 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 40 өтініш иелерінің келтірген фактілері дәлелін тапты.
Азаматтардың шағымдары бойынша тексеру қорытындысымен мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің 48 қызметкерлері түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.
Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер негізінде 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, МҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментіне Қордай ауданының тұрғыны Б.Кишкенебаев Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар) жаңадан салуға рұқсат беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуден негізссіз бас тартуы бойынша шағымданды.
Б.Кишкенебаевтың шағымының негізінде Департамент тарапынан Бөлімде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша өтініште көрсетілген фактілер расталды.
Анықталған заң бұзушылықтар негізінде Бөлімнің басшысы Е.Мендекеев ҚР ӘҚБтК 465 бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 15 АЕК (қысқартылған негізде) көлемінде айыппұл салынды.
Нәтижесінде, Б.Кишкенебаевқа 2021 жылғы 19 наурызда қызмет көрсетудің оң нәтижесі берілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі
19 мамыр 2021 ж. 512 0