ӘДЕП КЕҢЕСІ – ӘДІЛЕТ ТАРАЗЫСЫ
Әдептілікке қатысты ойдым-ойдым ой кестесіндей сөз маржандары мирас болып қалды бізге. «Әдептілік – кісінің киімі» дей-тұғын сөз тамыры да тереңде. Әдептіліктен ада болып, киімшең қалып жүрмейік, тегі. Әңгіменің әлқиссасын әдептілік төңірегіне әкелуіміз, әдеп жөніндегі уәкіл төрағалығымен өткен жиын еді.
Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл А.Есмахановтың төрағалығымен өткен семинарға дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдерімен қатар БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралып, алғашқысы бойынша аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас инспекторы Фарида Алиханқызы баяндама жасады. Өз сөзінде мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінде қаралған қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары турасына тоқталды. «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды» делінген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде. Қай кезде де қоғам назарындағы мемқызметкердің өзін ұстау әдебі, ортамен байланысу әдебі төңірегінде сөз қылған А.Әбілқасымұлы: «мемлекеттік қызметкер қай уақытта да өзін сыйлы ұстай білу керек», – деп, оларды елдің айнасы екендігін атап өтті.
Одан кейін сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қуаныш Махашев аудандағы басылымдарда жарияланған мемлекеттік қызметшілерге қатысты оң және теріс материалдардың мониторингісі төңірегінде өз баяндамасын жасады. «2017 жыл және үстіміздегі жылдың осы кезеңіне дейін жарияланған материалдардың 11-і оң, 1-і бейтарап бағытта болса, теріс бағытта 3 материал жарияланды. Жарияланған осы материалдарға кей мекемелер әлі күнге дейін өз тарапынан жауап бермеді. Аудандық «Өскен өңір» газетінде жарияланған «Бала тасыған көліктер талапқа сай ма?» және «Ағай, сізге не құяйын?» деп аталған қос мақалаға аудандық білім бөлімі өз жауаптарын әлі күнге дейін жолдамай келеді», – деді Қ.Мұхтарұлы.
Ал, бас маманның баяндамасына орай ауданның бас ұстазы аталған мақалалар дерек-дәйексіз жазылған деп алға тартқан еді. Оған аудан әкімінің орынбасары «өздеріңізге қатысты кез келген мақалаға жауапты жазбаша берулеріңіз керек», – деді.
Ауданымыздағы балабақшаларға тиесілі бала тасымалындағы көліктер қаншалықты талапқа сай деген сұрақты қаузаған тілшінің материалы негізсіз жазылды дегенге келмейді. Ауданда бірді-екілі балабақша көлігі ғана арнайы белгіленген талапқа сай екендігін көз көріп жүргені жасырын емес. Аталған мәселені облыс әкімі Қ.Көшербаев көтеріп, бала таситын көліктердің өзге машиналардан ерекше көріністе болуы қажеттігі қатаң тапсырған болатын. Ал, бұл қаншалықты орындалды? Ауданның бас ұстазы Б.Сейілханов қандай дәлел сұрады?
Жиында сөз болған екінші мақалада да тілші қоғам талқысында жүрген тақырыпты сөз еткен болатын. Сөзінің тоны көтеріліп, мақаладан мін іздеген Болат Пернебайұлына әдеп жөніндегі уәкіл бұл жиында не мәселе қаралып отырғандығын есіне салып, «мейрамханада мейман күтіп, дәмханада даяшы болып жүрген оқушылардың «ағай, сізге не құяйын?» деп жүргендерін көріп жүрміз», – деген пікірін білдірді.
Сөзімізді әрі сабақтасақ, мемқызметкердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талап қойылатынын атап өттік. Қоғаммен қарым-қатынасы, тағысын тағылар, бәріне де талап жоғары. 14 наурызда облысқа іс-сапармен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин де мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау мәселелері әрқашан Агенттіктің ерекше бақылауында екендігін айқан болатын. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бұл баспасөз конференциясын сөз қылуымыз, мемлекеттік қызметке келіп жатқан көпшілік жас буын мамандар әдеп нормаларынна сай келмей жатыр. Олай дейтініміз, жиналыстар мен іс-шараларда кей мамандардың өзге мекеме қызметкерлерімен дөрекі, бейәдеп араласуын көз көріп жүр. Бұл да әдеп нормасына сыймас, сірә. Әділет таразысы болған әдеп кеңесінде халықтың айнасы болған мемқызметкердің осы және өзге де әдеп қағидаларын сақтау мәселелері сөз болды.
Бақытжан МӘДЕНОВ.