Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚОРҚЫТ АТА» ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

«ҚОРҚЫТ АТА» ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Биыл «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы бойынша жұмыстар басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тілеуов мәлімдеді.
– Қазіргі таңда әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасын іске асырудың тиімді нұсқасы – қолданыстағы әуежай терминалын кеңейту болып отыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аталған жұмыстар бітсе, терминалдың көлемі қазіргіден екі есеге, яғни, шамамен 1400 шаршы метрге кеңейеді. Ал кеңейтілген әуежай терминалында барлық халықаралық стандарт талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылатын болады, – деді Дамир Маратұлы. Бүгінде «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына 23 тұрақты рейс қатынайды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына – 10, Алматыға – 13 рейс. Жалпы, биылғы жылдың 3 айында әуежайдан 32,1 мың жолаушы жөнелтілді. Айта кетейік, облыс «қызыл» аймаққа өткен жағдайда әуежайға кіріп-шығу талаптары күшейтіліп, жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушыларды терминалға кіргізу шектелетін болады.
21 сәуір 2021 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031