Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Ең белсенді мемлекет қайраткері» атанды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Ең белсенді мемлекет қайраткері» атанды

Қазақстандықтар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевты ең белсенді мемлекет қайраткері деп санайды. Бұл туралы NUR.KZ. ақпарат агенттігінің сайтында онлайн дауыс беру нәтижелері көрсетті.
Ақпараттық агенттіктің мәліметінше, А.Шпекбаев елдегі сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған барлық бастамалары үшін осындай оң бағаға ие болды. Азаматтардың дауыс беру нәтижесіне сәйкес, Антикор басшысының қалалық, аудандық және ауылдық әкімдіктерді сервистік жұмыс үлгісіне көшіру, «open space» форматын жаппай енгізу және пара беру ұсынысын криминализациялау секілді жарқын бастамалары қолдау тапқан екен.
Бұл – мемлекеттік органдардың жұмысын ашықтық, қолжетімділік және есептілік қағидаттары арқылы трансформациялауға бағытталған Агенттік төрағасының идеяларының азаматтар арасында кең қолдау тапқанын айғақтайды.
Үстіміздегі жылдың 18 ақпанынан 13 сәуіріне дейін екі ай бойы жүргізілген NUR.KZ-тің «Халық дауысы 2021» онлайн-дауыс беру барысында портал оқырмандары ел тізгінін ұстаған басшылардың қызметі мен республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың дамуына баға берді. Оған еліміздің кез-келген тұрғынының қатысу мүмкіндігі болды.
14 сәуір 2021 ж. 345 0