«Парасат жолы» жаңа орталық ашылды
Жуырда Шиелі аудандық орталық кітапханасында «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады. Орталық басшысы болып ҚКХП-сы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ә.Алдияров тағайындалды. Ол аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асты. Ашылу салтанатына білім, мәдениет және дін өкілдері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету, адалдық, парасаттылық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үндеу. Әйгілі Француз философы Г.Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі – парасат» дейді. Парасаттылық адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Бүгінгі ашылып жатқан орталықтың пайдасы зор болмақ. Оқырмандар белсенді, олар осы парасат жолымен алға жүріп, биік белестерді бағындыратынына сенеміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесі Қазақстанның мемлекеттік саясатында басым болып қала беретінін атап өтті.
– Егер жастайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңіретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге мүмкіндігі жеткілікті болады. Сондай-ақ, оқушыларды мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулысақ, оқырмандардың бойында әдептілік пен парасаттылық қалыптасады, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Исабек Байкенжеев.
Иә, парасаттылық бұл ар-ұят, адалдық және ақшаға сатылмау секілді жеке қасиеттермен сипатталатын жан тазалығы екенін біле жүрейік. Шиелі ауданының орталық кітапханасынан ашылған «Парасат жолы» орталығының төрағасына «ҚХП-сы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Әбдімомын Алдияров тағайындалды. Ол бұған дейін де ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген зиялы қауымның бірі.
Бұл жанның бойында адамгершілік пен елгезектік секілді асыл қаситтер жетерлік. «Парасат жолының кітапханалардан басталуы заңды деп білеміз, себебі парасаттың қайнар көзі – кітапта. Жастарды парасаттылыққа, адалдылыққа тәрбиелеу басты парызы санайды. Елге белгілі, ісімен өнегелі ағаларымыз жастарға жол көрсетсе дейміз. Біз де «Адалдық алаңы», «Парасат жолы» – өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын жоба деп сенеміз.
Шапағат Тілеубаев