Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыс орындары қысқарған жоқ

Жұмыс орындары қысқарған жоқ


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев компаниялар мен кәсіпорындар басшыларына коронавируска байланысты қандай да бір жағдай болмасын жұмыс орындарын сақтау қажеттігі жайлы тапсырма берген еді .
Қызылорда облысы Қазақстанда табиғи уран өндірісімен айналысатын санаулы аймақтардың қатарына енеді. Облыстың оңтүстік аудандарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на қарасты құрылымдар жұмыс істеп жатыр.
Шиелі ауданында орналасқан "Иіркөл" ЖШС бас директоры Мұхамеджан Салқынбаевпен хабарласқанымызда өндіріс тоқтамағанын бұрғылау, дайындау тағы да басқа технологиялық жұмыстары қалыпты жүріп жатқанын айтып өтті .
–Төтенше жағдай кезінде жасы елуден асқан жұмысшыларды толық еңбек демалысына жібердік. Ал демалыста болып келген ұжым мүшелеріне жылдың алғашқы тоқсанындағы жалақысының 70 пайыз көлемінде айлығы төленді. Жұмыс басында күнделікті болуы тиіс оператор, апаратшы мамандарды мүмкіндігінше азайтып, қалғандарымыз онлайн режимде жұмыс жүргіздік. Осылайша жұмыс процесін тоқтатқан жоқпыз. Шектеулер азайған сайын жұмыс процестері де ұлғайтылуда.
Барлық ұжым мүшелері "Олимп" зертханасынан медициналық тексеруден өтіп жатыр. Мұндай тексерулерден тек иіркөлдіктер ғана емес, сервистік қызмет көрсететін мердігер мекемелерде жұмыс жасайтын адамдар да да бірге өтуде.
Жалпы "Иіркөл"филиалында 191 адам бар болса, сервистік қызмет көрсетуші мекемелермен қосқанда кен орынында 250 ден аса адам жұмыс атқарады және олардың басым көпшілігі Шиелі ауданының тұрғындары.

Мақсұт Ибрашев
13 наурыз 2021 ж. 524 0