30 мектепте инклюзивті білім беріледі
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе, балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен инклюзивті білім беру. Компьютерлік технологияның арқасында көптеген мүмкіндіктер пайда болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Баланы оқыту қызметін ынталандыру жағдайында оның ықпалы орасан. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру инновациялық әдістермен, оның ішінде компьютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологияларымен қамтамасыз етілсе, келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесіндегі кедергілер азаяды деген сөз. Кемтар балалардың ата-аналары көмекшіге немесе арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе, инклюзивті білім беретін мектептерге апаруға бүгінде толық құқылы. Ауданда инклюзивті білімді қажет ететін балалардың жай-күйін білмекке аудандық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиевпен сұқбаттасқан едік.
– Шиелі ауданы бойынша инклюзивті білім беретін қанша мектеп бар?
– Шиелі ауданында жалпы білім беретін 40 мектеп бар. Олардың ішінде 30 мектепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалып, барлық мектептерде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қамтылған. Аудан бойынша 2020 жылы ПМПК мекемесінен тексеруден өткен 668 бала бар. Ал мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 25 бала барады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 161 бала үйден оқытылады. Жалпы мектепте білім алатын ерекше білім беруге қажеттілігі бар 32, әлеуметтік қызметпен қамтылған 79, арнайы мектеп-интернаттарда 7, оңалту орталығында 73, ППТК мекемесінде 77, колледж қабырғасында 24 бала инклюзивті білім беру жүйесімен білім алуда.

– Инклюзивті білім беру – өзекті мәселелердің бірі. Ал елімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіргізу үшін инклюзивті білім беруді 2020 жылға дейін 70 %-ке жеткізу жоспарланған болатын. Атқарылған жұмыс ауқымы қандай?
– Иә, білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесін 2020 жылы 75%-ке жеткізу тапсырылған. Бұл ретте, аудандық бюджеттен 2019 жылы 22 мектепке арнайы дефектолог мамандары алынды. 2020 жылға Жол картасы бойынша 8 штат облыстық бюджеттен бөлініп, 5 кабинет жабдықталды. Қазіргі таңда инклюзивті жағдай жасаған мектептер саны 30, қамтылуы 75,5% құрап отыр, яғни 2020 жылға қойылған жоспарлы көрсеткіш үлесі асыра орындалып отыр. Сондай-ақ, Жол картасына сәйкес Балауса, Құлагер, Мұрагер, Аққайың, Кәусар балабақша логопункт кабинеттерімен жабдықталып, арнайы логопед мамандарымен толықты.

– Сөзіңіздің ауанына қарасақ арнайы маман тапшылығы байқалмайды. Ұстаздар арнайы курстан өтеді ме?
– Бүгінгі таңда ауданда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сабақ беретін мұғалімдерді курстан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы инклюзивті білім алатын балаларға сабақ беретін 1024 (35%) мұғалімнің 485 мұғалімі ақылы арнайы курстан өткен. 2020 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алу арқылы қыркүйек айында Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен келсімшарт жасалып, «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында 72 сағаттық курсқа 150 мұғалім қатысты. Бүгінгі күнге ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға сабақ беретін барлығы 635 (62%) мұғалім курстан өтіп, шыңдалды. Ал арнайы «САТР» курсы бойынша 4 мұғалім біліктілігін арттырды.

– Тағдыр тауқыметіне ұшыраған балаларға білім ошақтарында «кедергісіз аймақ» орнатылған ба?
– Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру ұйымдарына еркін кіруін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдарына «кедергісіз аймақ» бойынша пандус, қоңырау 40 мектепте, сарыжолақ 31 мектепте, тұтқа 44 мектепте орнатылған. Жасыратыны жоқ, арнайы санузель барлық мектепте орнатылмаған.Осыған орай барлық білім беру ұйымдарына хат жолданып, толықтыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

– Олардың қолжетімді білім алуы үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылған?
– Мектептерде ерекше балаларға арнайы кітаптарға сұраныстар жасалып, 581,0 мың тенге қаржы бөлініп, 249 дана оқулықтар таратылған. Үйден оқытылатын балалардың уақытылы білім алуы үшін 16 балаға «Дара» қоғамдық қорымен ноутбук, планшеттер алынды. Компенсаторлық құрылғымен 34 бала қамтылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балалық шақты қорғауға, олардың тәрбиесі мен дамуына барлық жағдай жасау керектігін алға тартты. Осы орайда Шиелідегі психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультация, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және оңалту орталықтары инклюзивті білім беруге деген алғашқы қадам деп есептеймін. Аталған мекемелерде үй жағдайында немесе жалпы білім беру мектептері мен балабақшаларда тәрбиеленетін дамуында түрлі бұзылыстары бар балаларға өмірінің бірінші жылынан бастап арнайы педагогикалық көмек көрсетіледі. Психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультациясы мекемесі Шиелі-Жаңақорған аудандары бойынша 0-18 жас аралығында 1264 балаға қызмет етеді.
Ал психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 0-18 жас аралығындағы даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге кешенді түрде психологиялық-педагогикалық көмек көрсетумен қатар диагностикалық бағдарламаларды жеке және топтық түрде жүзеге асыратын арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады. Орталықтың бір ауысымында 5 топта 50 баланы қамтитын мүмкіндік бар. Мекемеде 57 қызметкер жұмыс атқарады. Оңалту, түзету, дамыту жұмыстарын жүргізу үшін толық жағдай жасалған. Барлық бөлмелер қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Балаларға 5 рет кешенді тамақтандыру, профилактикалық және оңалту шаралары: массаж, су процедуралары, емдік ванналар, дәрумендер, емдік дене шынықтыру ұсынылады. Сонымен қатар, аудандағы «Думан» арнайы қызметтер көрсету балалар орталығымен бірлескен шаралар ұйымдастырылуда.
– Сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан:
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ