Білім саласында өзгеріс бар
Қос жиырманы тіркестірген тышқын жылы тосын жайттарға толы болғаны рас. Әлемді әуреге салған пандемия бізге де жетіп, одан сақтану жолында біраз тәжірибе жиғандай болдық. Қарап отсақ, қиындықтардың көбі артта қалды. Бірақ әлі де болсын «Сақтықта қорлық жоқ екенін» қаперден шығармауымыз қажет. Сонымен 11 қаңтардан бастап республика мектептерінде үшінші оқу тоқсаны басталып кетті. Ерекшелігі сол, бұл тоқсанда 9-11 сынып оқушылары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып аралас форматта білім алуда. Жалпы жаңа оқу тоқсанында біршама өзгерістер бар.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел мектептері дәстүрлі оқу форматына кезең-кезеңімен көшіп жатыр. Мәселен, бірінші оқу тоқсанында облыс бойынша 37436 оқушы мектепке барып білім алса, ІІ тоқсанда бұл көрсеткіш 53 мыңнан асқан. Ал ІІІ тоқсанда 71589 шәкірт дәстүрлі форматтағы білім нәрімен сусындауда. Бұл аймақ оқушыларының 42 процентін құрайды. Айта кеткен жөн, 1-5 сыныптар үшін бұрынғыша кезекші топтар жұмыс істей береді. Ал бала саны 300-ден аспайтын білім ошақтарында оқу дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бұл тоқсандағы тағы бір ерекшелік – мектеп бітіруші 9 және 11 сынып оқушылары үшін офлайн өтетін сабақ кестесі белгіленді.

Ақиқатын айтайық, қашықтан білім алу кейбір шәкірттердің сабақ үлгеріміне барынша кері әсерін тигізуде. Осы олқылықтың орнын толтырып, оқу бағдарламасы өз деңгейінде игерілуі үшін мектептерде арнайы консультациялық топтар жұмысын бастады. Бұл үшін мұғалімдерге қосымша қаржы төленбейтінін айта кету керек.
Енді колледждерді өзгерістерге ойыссақ. Елімізде 796 колледж жұмыс істейді. Жалпы колледждерде жаңа семестр 18 қаңтарда басталады. Екінші семестрден бастап қазақстандық колледждерде оқу процесі дәстүрлі, қашықтан және аралас форматта жалғасады. Яғни, оларда пәндердің 70 процентін дәстүрлі түрде, ал 30 процентін онлайн форматта игермек. Бүгінгі күні аймақта дәстүрлі түрде оқитын бірінші курс студенттерінің саны – 5434. Осы жылдың тағы бір жаңалығы – білім беру саласында басқарудың жаңа жүйесі енгізілді. Екі кезең бойынша жүзеге асатын бұл жүйеде алдымен әкімдіктердің білім беру бағытындағы функциялары, содан соң саланы қаржыландыру жағы облыстық деңгейде өтпек. Мұнымен қатар аудиториядағы сабақтардың ұзақтығы 45 минуттан аспайды. Сәйкесінше колледж әкімшілігі соған лайықты кесте құрады. Аудиторияларды санитарлық тазарту сабақтар арасындағы үзілістер кезінде және одан кейін де жүзеге асырылатын болады.
Мақаланы ақжолтай ақпармен айтайық. 1 қаңтардан бастап барлық оқытушылардың жалақысы 25 процентке көбейді. Тек мектеп мұғалімдерінің ғана емес, балабақша педагогтерінің, сондай-ақ колледждер мен ЖОО ұстаздарының еңбекақылары артпақ.
Сұлушаш МАДИЯРОВА