ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ ОРАЛДЫ, БАЛМҰЗДАҚТАР УНИВЕРСИТЕТ ҚАБЫРҒАСЫНДА ТӘЛІМ АЛАДЫ
11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. Демек бітіруші 9-11 сыныптар белгілі бір талаптарды сақтай отыра мектепке қайта оралса, 1-5 сынып оқушылары кезекші сынып режимінде оқуды жалғастырады. Бітіруші сыныптар оффлайн өтетін сабақ кестесіне орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы секілді аса қажетті пәндер кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70% құрайды. «Сондай-ақ пәндердің 30%-і қашықтан оқытылады. Атап өтсек, информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады.
Білім саласындағы өзге де жаңалықтармен бөліскен Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетов былай деді, «Мен мұны өте маңызды шешім деп санаймын. Бұл шешім, ең алдымен, бірнеше айдан кейін қорытынды аттестация, яғни мемлекеттік емтихан тапсыратын балаларға қатысты. Олар тоғызыншы және он бірінші сыныптар. Оқушылар бағдарламаның 70%-ін дәстүрлі режимде және қалған 30%-ін қашықтан оқиды. Аралас оқыту дегеніміз осы».
Білім саласындағы өзге де жаңалықтармен бөліскен Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетов былай деді, «Мен мұны өте маңызды шешім деп санаймын. Бұл шешім, ең алдымен, бірнеше айдан кейін қорытынды аттестация, яғни мемлекеттік емтихан тапсыратын балаларға қатысты. Олар тоғызыншы және он бірінші сыныптар. Оқушылар бағдарламаның 70%-ін дәстүрлі режимде және қалған 30%-ін қашықтан оқиды. Аралас оқыту дегеніміз осы».
Бұл шаралар бітіруші түлектердің емтихандар мен ҰБТ-ға тиісті деңгейде дайындалуына жағдай жасау үшін қабылданылып отырғаны анық. Себебі онлайн оқу білім сапасын арттыруда тиімділігін көрсете алмай отыр. Оған мобилді байланыстың тұрақсыздығы мен оқушылардың онлайн оқуға деген қызығушылығының төмендеуі секілді бірнеше факторлор әсер етуде. Тағы бір қуантарлығы колледждер мен университеттердің 1-курс студенттері де II семестрден бастап аралас оқыту форматына көшетіндігі. Себебі студенттердің дәстүрлі түрде білім алуы білікті маман даярлаудың бірден-бір кепілі. Қазіргі таңда облысымызда 10-нан астам колледж, 2 жоғарғы оқу орны бар. Аталған оқу орындары жыл сайын 1000-нан астам жас түлектерді өз қатарларына қабылдайды. Биыл да сол үрдіс жалғасты. Дегенмен әлі күнге дейін студенттер оқу орындарының табалдырығын аттап, өздерін шын студент ретінде сезіне алмады. Вакцинацияның алғашқы кезеңі де 19 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады. Қазақстанда өндіріліп жатқан ресейлік «Спутник V-мен» жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. «Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады. Алғашқылардың бірі болып студенттердің бұл екпені алуы олардың толықтай дәстүрлі оқу форматаны көшуін жеделдетуге көмек болары сөзсіз.
Елімізде короновирустық ахуал біршама тұрақталғанымен шет елдердегі жағдай әлі тұрақсыз. Мысалға Ұлыбританияда 3-ші рет локдаун енгізілген. Жаңа ереже бойынша тұрғындар тек өте қажет жағдайда ғана сыртқа шыға алады. Дүкендер мен кәсіпорындардың басым бөлігі жабылады, мектептер қашықтан оқуға көшеді. Түркияда да жағдай мәз емес. Мұнда да коронавирустық ахуал нашарлап, мектептер жабық тұр. Ал шекаралас Ресейде карантинге жабылған мектептер саны 29-дан 108-ге дейін көбейген. Бұл шаралар халыққа толықтай екпе салынғанға дейін сақталатын болады. Бір қызығы Эстония мен Латвияда әр мектеп сабақты қалай жүргізетінін өзі шешеді. Үкімет тек сақтандыру шараларын қалай өткізу жөнінде кеңестер ұсына алады.
Рамазан Бектұрғанұлы