Сайлау-азаматтардың белсенділігі сыналатын уақыт
2021 жылы елімізді үлкен өзгерістер күтіп тұрған секілді. Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат сайлауы өтуде. Осынау айтулы күнде ел азаматтары белсенділік танытса, елімізден талай алпауыт елдер үлгі алатыны сөзсіз. Сайлаудың әділ өтетіндігіне байқаушылар кепіл болады.Таңнан бері сайлау учаскелерінде қазыналы қарттарымызбен, жасампаз жастарымыздың жиылып дауыс бергендігін өз көзімізбен көрдік. Дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған. Көп кідірп қалмайсыз. Дене қызуыңызды тексеріп, дауыс беру залына қарай өткізеді. Сіздің таңдауыңызға де ешкім араласа алмайды. Қалаған партияңызға емін-еркін дауыс бере аласыз. Демократияны құптайтын біздің еліміз үшін әділ сайлау үлкен жетістік деп санаймын.
Н.Серікбаева, ерікті тұлға