"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басшысы қызметінен кетті

Естеріңізге сала кетейік, ол бұл қызметке 2019 жылдың сәуір айында тағайындалған еді. Бұған дейін басқарма басшысы қызметін Абылайхан Оспанов атқарған.
Әсемгүл Балташева 1977 жылы дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін («экономикалық қызметті есепке алу, бақылау және талдау» мамандығы), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін («экономика және менеджмент» мамандығы) бітірген.
Әр жылдары ол «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеді, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ-ны басқарды, содан кейін ол директордың орынбасары, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК бас директоры болып тағайындалды.
«Азаматтарға арналған үкіметті» құру кезінде ол мемлекеттік қызметтер көрсету дирекциясын басқарды.
2017 жылдан бастап ол мемлекеттік корпорация басқармасы басшысының орынбасары болды.