Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмысы жүргізілуде

Түсіндірме жұмысы жүргізілуде

Елімізде қабылданған санитарлық Қаулыға сәйкес 28 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында той-жиындар мен түрлі іс-шараларға байланысты бас қосуларға қатаң тыйым салынады. Осыған орай Шиелі ауданы әкімдігі тарапынан құрылған бірнеше мобильдік топ алдын ала ескерту мен түсіндіру жұмыстарын күнделікті жүргізуде. Айталық, екінші мобильдік топ 29 желтоқсан күні үлкен сауда орталықтары мен дәмханаларды, адам шоғырланатын орталықтарды және Бидайкөл мен Жаңатұрмыс ауылына барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Келе жатқан жаңа жылды себеп қылып, түрлі шараларды атап өту тоқтатылуы тиіс екенін айтты. Бұған себеп өздеріңізге белгілі коронавирустың таралуы. Вирус­ты жұқтырмау және таралуын тоқтату үшін үнемі маскада жүру және антисептик пайдалану, сондай-ақ арақашықты сақтау қазіргі қоғам талабы екенін естен шығармағаныңыз жөн.

Ақбота БАЯНБАЙ
30 желтоқсан 2020 ж. 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30