Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмысы жалғасуда

Түсіндірме жұмысы жалғасуда



Қазіргі таңда дәрілік заттардың рецептуралық босатылуы – өзекті мәселенің бірі. Осыған орай Қызылорда облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті дәрілік заттарды тағайындау мен өткізу туралы түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарында бұған қоса дәріні қолданудағы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі және өздігінен емделудің тәуекелдері туралы да айтылып жүр.
Департамент басшысы Г.Байменова мен орынбасары Г.Азирова Шиелі ауданында семинар өткізді. Семинар барысында «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту» туралы ҚР ДСжӘД министрінің 22.05.2015 жылғы №373 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Сонымен қатар «Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» 28.04.2015 жылғы №288 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің 15.07.2019 жылғы бұйрығы бойынша ақпарат берді.
Аталған түсіндірме жұмыстарына ауданнан 54 адам қатысты. Жиналыс барысында есепке алу және сақтау қағидаларынан бөлек дәрілік заттарды тиімсіз қолдану, оны этикалық жылжыту мәселесі де қозғалды.
Жиналыс соңында Шиелі ауданы емханасының бас дәрігеріне рецептілерді жазу бойынша жұмысты жандандыру және қызметкерлермен тығыз қарым-қатынас орнату бойынша жұмыс істеу тапсырылды.

«Өскен өңір» ақпарат
28 шілде 2019 ж. 1 036 0