Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ



«Nur Otan» партиясының атынан Шиелі аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Маханбет Патима Шаймерденқызы, Жаңабаева Гүлзира Есенгелдіқызы, Сыдық Мая Ғалымқызы, Жұмбеков Дәулет Егембергенұлы, Ермаханов Асхат Өтепбергенұлы, Бәкір Бекжан Талғатұлы, Қаракеева Айжан Әбділдақызы, Бауыржанұлы Бекзатхан, Үркінбаева Айнұр Шерәліқызы, Хасанов Қуандық Оразбайұлы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып денсаулық және білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
         Кездесу барысында әр үміткер сөз сөйлеп үгіт-насихат материалдарын таратты.
         Партия филиалы, аудандық сайлауалды бағдарламаның «Әлеуметтік бағдарланған аудан» бағыты бойынша білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатын болады.
Және де медициналық қызмет көрсету білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша аудандағы медициналық мамандар тапшылығын төмендету мақсатында еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында облыс әкімінің гранты арқылы аудан бойынша 3 мектеп түлегін оқыту, ал 2025 жылға қарай жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар құрамы үлесін 44 пайыздан 65 пайызға жеткізуге жұмыс жасайтын болады.

        
            «Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

        
29 желтоқсан 2020 ж. 725 0