Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КАНДИДАТТАР "САУДА-КӨЛІК КОМПАНИЯСЫ" ЖШС-НІҢ "СКК-ШИЕЛІ" ФИЛИАЛЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ!

КАНДИДАТТАР "САУДА-КӨЛІК КОМПАНИЯСЫ" ЖШС-НІҢ "СКК-ШИЕЛІ" ФИЛИАЛЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ!

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы, Шиелі аудандық сайлауалды штабының төрағасы Маханбет Патима Шаймерденқызы бастаған, Шиелі аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Көпенов Нәсіпбай Дүйсенұлы, Сыздық Болат Мүбаракұлы, Дәрібаева Гүлсім Әбілқасымқызы, Жаңабаева Гүлзира Есенгелдіқызы, Нығметов Шахмардан Мақсұтұлы, Қарекеева Айжан Әбділдақызы, Үркінбаева Айнұр Шерәліқызы, Бауыржанұлы Бекзатхан, Рысбаева Ақсамал Сардарбекқызы "сауда-көлік компаниясы" жшс-нің "скк-шиелі" филиалы қызметкерлерімен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып кездесу өткізді.
Кездесу жиында кандидаттар «Nur Otan» партиясының Шиелі ауданын дамыту бойынша әзірленген сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар жеке-жеке таныстырып, үгіт-насихат материалдарын таратты.
Ауданды дамытудың жеті басымдығы; Экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік бағдарланған аудан, жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан.
Міне, «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың осы 7 басым бағытын айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.
25 желтоқсан 2020 ж. 703 0