Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатқақ жолдан қауіп көп

Қатқақ жолдан қауіп көп

«Жол – өмір» деген шығыс пәлсапасындағы берік қағида біздің өміріміздің әлеуметтік портретін аша түсетіндей. Елімізде жол-көлік оқиғаларын болдырмау, алдын алу мақсатында заң талаптары күшейіп, жүйелі жұмыстар жасалуда. Төтенше жағдайға тас түйін дайынбыз дейді сала мамандары. Осы дайындықтың деңгейін кешегі жауын көрсетіп берді. 19 желтоқсан күні жауған жауыннан жол көктайғақ мұзға айналды.
Қыстың алғашқы күндері тосын мінез танытқан табиғат, барлық темір тұлпар тізгіндеген тұрғындарды әлекке салады. Кешегі келеңсіз жағдайдың басы қасында жүрген ішкі істер бөлімінің мамандары өз жұмыстарын тиянақты атқарып, күшейтілген режимде Сұлутөбе мен Сунақ ата аралығында 6 бекет күндіз-түні жұмыс істеп, жолда қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек қолын созуда. Жол сақшылары халыққа қызмет көрсету үшін жеке құрам толығымен қызметке кірісіп, түрлі жағдайдың алдын алды. Көлік құралдарының қозғалысын шектеу үшін ПД ЖПҚБ патрульдік полициясы ротасының 5 экипаж, Шиелі ауданы полиция бөлімінің 40, сондай-ақ Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің 13 қызметі жұмылдырылған. Сондай ақ «Самара-Шымкент» автожолының мұз басқан учаскелеріне тайғаққа қарсы жалпы салмағы 120 тонна материал төседі. Тексеру кезінде 3 автокөліктің аударылғаны, бір көліктің металл қоршауларға соққаны анықталды. Күре жолдағы тайғақ салдарынан тағы бір автокөлік жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысқан. Қазіргі кезде автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары бақылауға алынған. Даңғыл жолда келе жатса да, бір-бірлерінің қауіпсіздіктерін ойлап, жол қозғалысына кедергі келтірмей, ортақ ережеге бағынып, әйтеуір, өздерінің жауапкершіліктерін сезінсе дейміз. Сондықтан көлік тізгіндеген әр адам жауапкершіліктің жүгін сезініп, жол ережесін, мәдениетін қатаң сақтауы тиіс. Кішкентай ғана қателік бір сәтте талай адамның тағдырын тәлкекке салатынын естен шығармаған жөн.

Шапағат Тілеубаев
21 желтоқсан 2020 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930