ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 700 АДАМНАН АСТЫ
Ошағы Қытайда тұтанған індет жер-жаһанды жайлап, адамзатқа орасан қауіп келтірді. Осынау кесапат кеселмен қалай күресу керегін бүкіл әлем жолын таппай әлек. Иә, жылдамдығы зор вирус жас пен жасамысты да таңдамады. Қазақстанда өткен тәулікте 700-ге жуық адамнан індет анықталып, ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы ковид жайлы ресми мәлімет беретін сайтта жарияланған.
Аймақтар бойынша Нұр-Сұлтанда – 54, Алматыда – 66, Шымкент қаласында – 2, Ақмола – 57, Ақтөбе – 4, Алматы облысында – 43 адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ көрсеткіштер өзге де облыстарда өскен. Атырау облысы – 60, Шығыс Қазақстан облысы – 65, Жамбыл облысы – 25, Батыс Қазақстан облысы – 36, Қарағанды облысы – 31, Қостанай облысы – 68, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 98, Солтүстік Қазақстан облысы – 64, Қызылорда – 2, Түркістан облысы – 5. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 145213-ке жетті.

Жаңа оқу жылы басталғалы аймақта 11 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Белгілі болғандай олардың барлығы үй жағдайында қашықтан оқитын балалар. Жалпы пандемия жарияланғалы облыс көлемінде 14 жасқа дейінгі – 194 бала, ал 14 пен 19 жас аралығында – 57 жеткіншектен коронавирус анықталған. Телефон мен компьютерлердің зияндылығы жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Оның алдында ұзақ уақыт тапжылмай отырған балалардың иммунитеті де төмендейді. Алайда бүгінгі оқу бағдарламасына енгізілген өзгерістерден бөлек оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін түрлі платформалар жұмылдырылған. Бір сөзбен айтар болсақ, карантин қарапайым ойын баласын үйге жіпсіз байлады.
Қазақ – қашанда бір ауыз сөзге тоқтаған халық. Ал әлемді шарпыған осынау бір індетті ауыздықтау үшін жоғарыда айтқан қасиетімізді көрсетудің орайы келген сыңайлы. Сондықтан жағдайдың қаншалықты қиын екенін түйсікпен түсініп, оны болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін өз дәрежесінде сақтайық.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ