Кандидаттар білім қызметкерлерімен кездесті
Шиелі аудандық мәслихат депутаттағына «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы атынан кандидат Патима Маханбет, Насырбек Мырзабеков, Серік Мүліков және Нәсіпбай Көпеновтер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында ауданның білім саласы өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сайлауалды бағдарламада алдағы бес жылда көзделген негізгі міндеттер жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар құрамы үлесін көтеру, бес ауылдық елді мекендегі мектептерге математика, орыс тілі пәндері бойынша жетіспейтін кадрларды тарту, аудандағы 4 негізгі мектептерді кезең-кезеңімен жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықтау, сонымен қатар 3 мектепке күрделі жөндеу өткізу және білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету, педагогтарды киберпедагогика негіздері және қашықтан оқыту форматының әдістемесі бойынша оқыту мәселелері де тыс қалмады.
Нәтижесінде, 2025 жылға қарай жоғарғы және орта білім беру ұйымдарына түскен мектеп бітірушілердің үлесі мен инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын арттыру жоспарлануда.