Тапшылыққа тап болып қалмаймыз ба?

Ал бұл сұрақтардың жауабын облыс бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және оның жанынан құрылған арнайы мониторинг топ өкілдері іздеп, дәрі-дәрмек қорына бақылау жүргізді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, медициналық мекемелерде коронавирусқа қатысты препараттардың қоры жеткілікті жасақталған. Жеке қорғаныш құралдары да апта сайын жеткізіледі. Қала берді қауіпті індетке душар болып, ем қабылдап жатқан науқастар үшін амикацин, натрий гепарині, дексаметазон, дексамедетомидин сынды антибиотиктердің түрлері де бар екен.
Біз ауданда дәрі тапшылығы болып қалмай ма, екінші толқынға толыққанды дайынбыз ба деп кәсіпкерлік бөлімге телефон шалдық. Сала мамандары дәрі-дәрмек тапшылығы сезілмейтіндігін, екінші толқынға дайындық ұдайы бақылауда екендігін жеткізді. Айта кетейік, облысқа қажетті дәрі-дәрмек Шымкент қаласында сақталады. Бүгінгі күні ол жерде екі айлық қор сақтаулы тұр. Ал «СК-фармацияның» облыстағы дәрі-дәрмек қоймасына мекемелердің сұранысына қарай бір айлық дәрі қоры алынған.
Сұлушаш МАДИЯРОВА