«Халық алғысын» алды

Дүйсенбі күні аудан әкімі Қамбарбек Мүбараковтің қатысуымен марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар жиынға полиция подполкивнигі Д.Беркімбаев, Шиелі АПБ бастығының орынбасары Б.Бисен, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты. Марапаттау рәсімінде Шиелі ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры Бағлан Базарбаев пен Алмасбек Кенжеболатовтың мерейі үстем болып, оларға ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 14 қыркүйектегі жарлығымен берілген «Халық алғысы» медалі табысталды. Әрине, бұл марапаттың бәсі басқадан жоғары. Жиналған көпшілік те, марапат иелері де мұны түсініп, бәрінен халықтың алғысы артық екенін бағамдаған сыңайлы.
Маржан БОЛАТҚЫЗЫ