Жаңа қаулыдағы өзгерістер
Облыс бойынша бас санитарлық дәрігер Әлия Әбдіқайымованың №24 қаулысы шықты. Осы құжат негізінде маңыздылығы жоғары кәсіпкерлік нысандарында белгіленген жұмыс уақытысы ұзартылды.
Атап айтқанда, ойын-сауық орталықтары мен бутиктер енді бір адамға кемінде 4 шаршы метрді құрайтын ауданды сақтай отырып, таңғы сағат 9:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Естеріңізде болса, бұған дейін барлық сауда үйлерінде қолды антисептиктермен өңдеуге арналған аппараттар орнатылған болатын. Әрбір сатып алушыдан кейін арбалар және себеттер дезинфекцияланды. Еденді, лифтті, эскалатордың тұтқаларын, үстел мен орындықты дезқұралдармен әрбір үш сағат сайын өңдеу қажет болатын. Бұрынғысынан 2 сағатқа жұмыс уақытысы ұзарған сауда үйлерінің бұл қызметі қалтқысыз жүргізіле бермек.

Сондай-ақ демалыс саябақтары, субұрқақтар мен жағалаулар сынды қоғамдық орындарға сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін баруға болады. Ал сұлулық салондары мен СПА, косметологиялық қызмет көрсететін орындар мен фитнес орталықтар, тренажер залдарына белгіленген жұмыс уақыты алынып тасталды. Сонымен қатар сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылар мен такси қызметтеріне белгіленген шектеу мерзімдері алынды.
Иә, коронавирустың құрсауында қалған әлем одан құтыла алмай әлек. Қала берді жаһандық экономика да құлдырай бастады. Жыл басында басталған індеттің екінші толқыны қазан айына тап келеді деген болжамдар айтылып та жүр. Бірақ бұл тек әзірге болжам ғана. Не дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Вирустың беті қайтпайынша бетпердені тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауымыз керек-ақ.
С.МАДИЯРОВА