Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлі де босаңсуға болмайды

Әлі де босаңсуға болмайды

Бүгінгі таңда түшкіріп я болмаса жөтеліп қалсаңыз болғаны, айналаңыз елеңдей қарайтыны жасырын емес. Өйткені әлі күнге дейін пандемия көпшілікті алаңдатып отыр.
Соңғы деректерге сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында әрқайсында 11 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Ал қалған қалалар мен облыстарда тіркелген науқастар саны оннан аспайды. Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында бірде-бір науқас тіркелмеген екен. Иә, дәл қазіргі уақытта тек біз ғана емес, күллі әлем болып дертпен күресіп жатқаны белгілі. Яғни әлем бойынша пандемияға 28,8 миллион жан шалдықса, 920 мыңнан астам адам қайтыс болған. Ал 19,5 миллион адам жазылып шыққан.
Халқымыздың «Сақтансаң сақтаймын» деген сөзінің мән-мағынасы осындайда айтылса керек. Сондықтан әлі де болса бейғамдықты, аңғалдықты қою керек сияқты. Көпшілік орындарда бетперде тағып, антисептик пайдаланған жөн. Дене қызуыңыз көтеріліп, басқа да белгілер байқалса, міндетті түрде ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгінуді естен шығармаңыз.

Фариза КЕНЖЕШОВА
14 қыркүйек 2020 ж. 496 0