Аудан әкімі алты айды қорытындылады
Бюджет және салық
Аудандық бюджеттің кірісі 2020 жылғы 1 шілдеге болжамдалған 12 млрд 685 млн теңгенің орнына 13 млрд 123 млн теңгеге немесе 103,5 процентке, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 928,3 млн теңгенің орнына 1 млрд 366 млн теңге болып 147,2 процентке орындалды.

Есепті мерзім ішінде аудандық бюджет шығысы 1 млрд 335 млн теңгеге немесе 99,4 процентке (болжам 1 млрд 344 млн теңге) игерілді.
Өнеркәсіп өндірісі және кәсіпкерлік
Ауданның өнеркәсіп орындарында 2020 жылдың 1 шілдесіне 15,6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,4 процентке артып отыр.
Ауданның өнеркәсіп орындарында 2020 жылдың 1 шілдесіне 15,6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,4 процентке артып отыр.
Өңдеуші өнеркәсіптері бойынша өндірілген өнім көлемі 4,8 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексімен салыстырғанда 157,2 процентке орындалды.
2020 жылдың 1 шілдеге ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 4 788 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 106,4 процентке артты.
Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 4 530-ді құрап, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің үлесі 94,6 процентке жетті. Тиісті кезеңмен салыстырғанда 110,3 процентке артты. (жеке кәсіпкер – 2570, шаруа қожалық –1530, заңды тұлға – 430).
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Наурыз-Дем» НС» ЖШС арқылы 5 жоба 200 млн теңгеге, «Сырдария-1» НС» ЖШС арқылы 4 жоба 48,8 млн теңгеге қаржыландырылса, аталған бағдарламаның гранттық қаржыландыру бағыты бойынша 122 жобаға 64 млн 684 мың теңге қайтарымсыз грант қаражаты бөлінді.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бағыты бойынша ағымдағы жылы жобалық құны 30,5 млн теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылды. (С.Ермаханов-21 млн теңге, Г.Шакирова – 9,5 млн теңге).
Бүгінгі күні барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданнан жобалық құны 343,4 млн теңгені құрайтын 133 жоба қаржыландырылып, жаңадан 148 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жыл соңына дейін барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 700 кәсіпкерлік субъектілеріне несие және грант қаражаттарын алынуына қолдау көрсетіліп, жаңадан 746 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Индустриялды аймақ бойынша
Шиелі кентінің шығыс жағынан индустриялық аймаққа 2,8 млрд теңгеге толықтай инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 487,5 млн теңге бюджет қаражаты есебінен жүргізілсе (РБ-217,4 млн тг, ЖБ-270,1 млн тг газ желісі), қалған 2,4 млрд теңге мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүзеге асырылды (12,5 шақырымы электр желісі, 3,2 км болатын темір жол желісі).

Индустриялды аймаққа тартылған газ желісінен 3 кәсіпорын көгілдір отын пайдаланып отыр («Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Бөпежанов» ЖК, «Әшірбеков» ШҚ).
Бүгінгі күні жобалық құны 66 млрд теңгені құрайтын 10 жобаға 65 га жер телімі табысталып, 4 жоба іске қосылды. Тартылған инвестиция көлемі 1,8 процентке артып, нәтижесінде бюджеттің 1 теңгесіне шаққанда тартылған инвестиция көлемі 16,6 теңгені құрады. Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығында жүзеге асырылған жобалар іске қосылған уақыттан бастап 3,2 млрд теңге салық түсті.
Өткен жылы (0,5 га) жер телімі табысталған «Бастау» жеке кәсіпкерлігінің «Бетон бұйымдарын өндіру» зауыты құрылыс жұмыстарын бастап, тамыз айында іске қосу жоспарлануда.
Индустриялдық аймақты жаңа жобалармен толықтыру мақсатында өткізілетін сауда-саттық арқылы өндірістік бағыттағы жаңа жобаларға жер телімдері табысталатын болады.
Ауыл шаруашылық саласы
Ауданда 2020 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 4 млрд 241 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 процентті құрады.
Ауданда 2020 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 4 млрд 241 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 процентті құрады.
Егін шаруашылығы
Биылғы жылы аудан бойынша 29 460 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар үлесі (күрішті қоспағанда) – 1 727 гектар, яғни күздік бидай – 1057 га, жаздық бидай – 540 га, тары – 85 га және жүгері – 45 гектарды құрайды. Майлы дақылдар, мақсары –1100 гектар, мал азықтық дақылдар оның ішінде жаңа жоңышқа –1877 га, ескі жоңышқа – 5448 га, мал жемдік асқабақ – 112 га, сондай-ақ картоп – 1 183 гектар, көкөнiс – 1 537 гектар және 2 123 гектар бақша дақылдары егілді.

Негізгі дақыл күріштің көлемі – 14 353 гектарды құрады. Биылғы жылы егілген егіске қажетті минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер толығымен алынып, игерілді.
Бүгінде бидай дақылдары толық орылып, 2633 тонна өнім жиналды. Жоңышқаның екінші орымын ору жұмыстары жүруде.
Сондай-ақ биылғы жылы Өзбекстан Республикасының «Organic solutions» компаниясы мен ауданымыздың 3 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бірлесіп («Төңкеріс и К» шқ, «Жер Жомард Д» ЖШС, «Бала би-2004» өк) 60 гектар жерге алма бақ пен жүзім және түрлі жеміс ағашын отырғызу жұмыстары жүргізілді. Оған қоса Сұлутөбе және Қарғалы елді мекендерінде жеке кәсіпкерлер 5 гектарға алма және жеміс ағаштарын отырғызды.
Аудан бойынша ағымдағы жылы ашық топырақта 21 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен көкөніс, бақша дақылдары егілді. Атап айтсақ, Ақмая ауылдық округіне қарасты «Ақмая» шаруа қожалығында 6 гектар, Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты «Байсын» шаруа қожалығында 15 гектар жерге көкөніс дақылдары тамшылатып суару әдісімен егілді.
Мал шаруашылығы саласы
Аудан бойынша 2020 жылдың 1 шілдесіне барлық төрт түлік мал саны ірі қара – 64168,қой мен ешкі –103276, түйе –1503, жылқы – 18854, құс – 38084 басты құрады.
Аудан бойынша 2020 жылдың 1 шілдесіне барлық төрт түлік мал саны ірі қара – 64168,қой мен ешкі –103276, түйе –1503, жылқы – 18854, құс – 38084 басты құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда барлық түрінен өсім бар.
Төрт түлік малдан өндірілген өнімдер (тірілей салмақта) 2447,5 тонна ет, 8924, 5 тонна сүт, 811,1 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2020 жылға ауданға «Сыбаға» бағдарламасы аясында шет елден 334 бас асыл тұқымды МІҚ аналығын, 5000 бас қой сатып алу жоспары бекітілген. Қазіргі таңда Алмалы ауылдық округіне қарасты «Сүгірәлиев» шаруа қожалығы бағдарлама аясында 53 млн теңге несие қаражатына 83 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу үшін өтінім беріп, құжаттары қаралуда.
Сонымен қатар «Сыбаға» бағдарламасымен Еңбекші ауылдық округінен «Аңшы Ата» шаруа қожалығы 100 бас және «Төле шаруа қожалығы» 100 бас мүйізді ірі қара малдарын алуды жоспарлап отыр.
Бағдарламаның қой малын сатып алу бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на қой сатып алуға ауданнан 3084 басқа 6 өтінім беріліп, осыдан 3 өтінім қаржыландырылып 2100 бас қой малы сатып алынып, қалған 3 өтінімнің құжаттары қаралуда.
«Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша индикативтік іс-шара жоспарына сәйкес, мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр.
МІҚ малының 32779 бас аналығының 12021 басы тұқымдық түрлендіруге қатысты. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері асыл тұқымды бұқа сатып алу жұмыстарын жалғастыруда.
Құрылыс
Аудан бойынша 2020 жылдың 1 шілде айына құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 1 млрд 166 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,6 процентті құрап отыр (өткен жылдың 1 шілде айына 10 млрд 489 млн теңге).
Осы кезеңге 27720 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,6 процентке орындалды (өткен жылдың 1 шілде айына 27566 ш.м).
Құрылыс-монтаждау жұмыстары, нысандарды салу 2020 жылдың IІ-тоқсан қорытындысы бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 4 нысанға 851,5 млн теңге қаржы қаралды. Игерілген қаржы – 153,0 млн теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Шұғыла-2, Шұғыла-3 және Шығыс-4 мөлтек аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 145, 8 млн теңге қаржы қаралып, 87, 5 млн теңгесі игерілді. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі үш қабатты 18-пәтерлі тұрғын үй құрылысы» жұмысына облыстық бюджеттен 104,0 млн теңге қаржы қаралып, 65,4 млн теңгесі игерілді. 3 қабатты тұрғын үйдің ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, үйдің шатыры жабылды.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы» жұмыстарына барлығы 401,0 млн теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда нысан бойынша 293 дана көру құдықтары орнатылып, қыстақішілік 28,38 шақырым, тұтынушы тұрғын үйлерге дейін 19,26 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілді. Сұлутөбе елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы жұмыстарына барлығы 200,1 млн теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда нысан бойынша 184 дана көру құдықтары орнатылып, қыстақішілік 18,84 шақырым, тұтынушы тұрғын үйлерге дейін 9,02 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілді.

Жол картасы бағдарламасы аясында Сұлутөбе елді мекенінде Мұстафа Шоқай саябағын абаттандыруға 58,1 млн теңге қаржы қаралды.
Инвестиция
2020 жылдың 1 шілдесіне негізгі қорға барлығы 3 млрд 838 млн теңге инвестициялық қаржы салынды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,9 процентті құрады. Ағымдағы жылы орын алған төтенше жағдайларға байланысты аудандағы өндіріс орындарының жұмыстары төмендеп инвестициялық көрсеткіштерге кері әсерін тигізуде.
Автомобиль жолдары
Ауданда 145,4 шақырым аудандық, 101 шақырым облыстық, 80 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, Сырдария өзенінде екі қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел бар. Аудандық маңыздағы 145,4 шақырым автомобиль жолдарың 124,5 шақырымы, яғни 83,7 проценті жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Облыстық және республикалық маңыздағы автомобиль жолдапроцент кент және ауылдық округ елді мекендерінде 437 шм жол тораптары бар. Олардың тиісінше кентте 51,5 және елді мекендерде 46,5 процентті асфальтталған.

Осы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша Жөлек елді мекенінде автомобиль жолы көпірі 12,2 млн теңгеге орташа жөнделіп пайдалануға берілді. Құрылысы 2019 жылы басталған Самара-Шымкент-Майлытоғай автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға 54,3 млн теңге қаржы бөлініп, игерілді.
Жұмыспен қамту жол картасы бойынша Шиелі станциясының Шиелі-20 бекет аралығындағы 2945 шақырымындағы қос жолды темір жол үстінен соғылатын автомобиль көпірі құрылысына 644,8 млн теңге қаржы бөлініп, құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жөлек елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпір 101,7 млн теңгеге күрделі жөнделуде, таяу күндері пайдалануға беріледі. Сондай-ақ ескі Самара-Шымкент автомобиль жолының 6,5 шақырымын қайта құрылымдауға 60,0 млн теңге, Жиделіарық ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуге 66,0 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша Ақмая елді мекенінің 3 шақырым ішкі жолы 52,2 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2,0 млн теңге көше жарығы орнатылды.
Жол картасы бағдарламасымен республикалық бюджеттен «Самара-Шымкент-Жөлек» Жөлек елді мекеніндегі автомобиль жолындағы көпірге 16,1 млн теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.
Сұлутөбе ауылдық округіне Амангелді, Сұлутөбе көшелерінің ортақа жөндеу жұмыстарына 54,3 млн теңге, Қоғалы ауылдық округіне Астана көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына 28,2 млн теңге, Еңбекші ауылдық округіне Алтайбаев көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 25,2 млн теңге, Жөлек ауылдық округіне Қожабеков көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 32,4 млн теңге жұмыстары жүргізілді.
Бәйгеқұм, Қарғалы, Жуантөбе, Жиделіарық, Еңбекші, Жаңатұрмыс, Талаптан, Ақтоған ауылдық округтеріне Балалар ойын алаңын салуға 48,0 млн теңге қаржы қаралды.
Алмалы, Ақтоған, Телікөл, Бестам, Жиделіарық, Еңбекші ауылдарын газдандыруға ЖСҚ әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге 30,0 млн теңге, Қызылқайың, Қосүйеңкі, Ақтам елді мекендерін ауыз су құрлысының ЖСҚ әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге 37,0 млн теңге қаржы бөлінді.
Кент ішіндегі жолдардың жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 65,2 млн теңгеге Б. Майлин, Каримбаев, ГРЭ-2, Досанов, Жарықбаев, Ш.Есенов, Әбдікәрімов көшелеріне орташа жөндеу (асфальт) жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге 130,0 млн теңгеге Шиелі кенті бойынша Ә. Асқаров, Гагарин, Дулатов, Қонаев, Жайлыбаев, Жәленов, Қаратаев, Палымша, Бұдабай тұйығы, Рысқұлов тұйығы, Өмірбеков, Бәкіров, Бекежанов, Ясауи, Бұхар жырау, Жақаев тұйығы, ГРП-23, Шыныбеков тұйығы, Сәтпаев, Маметова, Шәкәрім көшелеріне орташа жөндеу (асфальт) жұмыстарын жүргізу ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.
2020 жылы Жол картасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен және облыстық трансферттер арқылы 423,0 млн теңге бөлініп, оның ішінде;
Жол жөндеу жұмыстарына: 73,0 млн теңгеге Шиелі кентінде Татенов, Қ.Қожасов, А.Айтенов, Қ.Қожасов тұйығы, М.Молдыстамов, Оспанов, ГРЭ-23, Палымша көшелеріне орташа жөндеу (асфальт) жұмыстары жүргізілуде.
Абаттандыру, көркейту көгалдандыру жұмыстарына: 201,8 мың теңгеге Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруға, Шиелі кентіндегі аллеяны абаттандыруға, Шиелі кенті, Тоқтаров, Бекежанов, Қоңыратбаев, Аймауытов, әл-Фараби көшелеріне жаяу жүргінші жолын салу және 148,0 млн теңгеге Шиелі кенті, түнгі жарық бағаналарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жол картасы бағдарламасымен Бұдабай көшесінде стритбол және спорт алаңын салуға 12,5 млн теңге қаржы қаралды.
Абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 61,8 млн теңге бөлініп, оның ішінде: 29,4 млн теңгеге Бұдабай, Бакиров, әл-Фараби көшелеріне жаяу жүргінші жолын салуға, 20,0 млн теңгеге Шиелі кентін көркейту көгалдандыру, ағаш егу жұмыстарына, 12,4 млн теңгеге Жақаев саябағын күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы. 2020 жылы Жүргенов көшесіндегі 18 пәтерлі тұрғын үйге республикалық бюджеттен 30,0 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жол картасы бағдарламасмен Шиелі кентін кесіп өтетін «Самара-Шымкент» тас жолының бойына 66,2 млн теңгеге көше жарықтары орнатылуда.
Газдандыру туралы
Облыс бойынша алғашқы болып жеке тұрғындардың есебінен Жақаев және Бидайкөл елді мекендерінде газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жақаевта – 260, Бидайкөлде – 158 жеке тұрғын үйге газ кіргізілді.
Облыс бойынша алғашқы болып жеке тұрғындардың есебінен Жақаев және Бидайкөл елді мекендерінде газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жақаевта – 260, Бидайкөлде – 158 жеке тұрғын үйге газ кіргізілді.
Н.Бекежанов, Қодаманов, Ақмая, Байсын, Алғабас елді мекендерін газдандыруға ЖСҚ жасалынып, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілген болатын.
Осыған сәйкес, Байсын елді мекенін газдандыруға Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 204,5 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Қалған елді мекендерге де құрылыс жүргізуге қаржы көздері қарастырылуда.