Қайталанбас құндылықтарды қалыптастырады
Үлгілі ұлт болам деген елдің мұраты өркениет көшінің алдыңғы сапына ұмтылуымен өлшенбек. Бұл жолда тарихтан тағылым алып, бүгінгіні зерделеп, болашағын бағдарлай білген ел ғана көздеген межесіне жете алады. Қазіргідей сан алуан мәдениет пен технология тоғысқан жаһандану заманында біздің алдымызда ұлттық сананың өрісін кеңейтіп, рухани кемелдене түсу міндеті тұр. Осындайда «Елу жылда ел жаңа» деген сөздің парқын түсінеміз. Қазақы құндылықтарды сақтай отырып, сананы сілкіндіріп, жадыны жаңғырту – әлемдік өркениет кеңістігінде жұтылып кетпеудің кепілі. Осы тұрғыда 3 жыл бұрын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шыққаны белгілі. Рухани санаға соны серпін берген аталған мақала аясында елеулі істер атқарылып, нақты жобалар жүзеге асты.
Елбасы өзінің бағдарламалық еңбегінде еліміздің жауапкершілігі жоғары ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және елдік сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарын ортаға салып, ордалы ойлар айтты. Енді осынау мақаладағы бағдарды қоғам болып талқылап, ұтқыр бағыт-бағдарымызды жүйелеу – сіз бен біздің, яғни қоғамның ең айтулы міндеті.
Қазақ елі – дамылсыз дамыған, кемелдік пен өркениетке жеткен мемлекет қатарында болғымыз келетіні сөзсіз. Бұл заңды құбылыс. Дегенмен қоғамды, мемлекетті дамытатын ұлы күш – адам. Бұл теңдесі жоқ ең басты алтын қор. Олай болса әр адам ең алдымен құлдық сана, парақорлық, жемқорлық, жағымпаздық, сатылымпаздық секілді аса қатерлі дерт пен кесапаттан тезірек арылуға тиіспіз.
Ал ол үшін біздерге ағартушылық бағыттың озық дәрежеде болуы, ұлттық өнім, ұлттық брендті қалыптастыру, ұлттық жанқияр қайраткерлерді үнемі ұлықтау мен оларды қолдап отыруды озық дәрежеде үйлестіруді, қалыптастыруды жедел түрде қолға алу керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Адам капиталы бәсекелестікке жол ашатын негізгі артықшылық екенін ұмытпауымыз қажет». Елімізге уақыттан оза жұмыс істейтін, білікті, өзгерістерден қорықпайтын мамандар қажет-ақ. Мемлекеттің болашағын айқындайтын барометр – өскелең ұрпақ, жалынды жастар. Төрткүл дүниені дүрліктірген пандемия мен жаһандық дағдарыс адамзат санасында сілкініс тудырғаны рас. Рухани құндылықтардың қадірі артып, әлемді құтқарудың жолы ғылымға келіп тірелді деген болжамдар айтылуда. Бұл заңды құбылыс. 2020 жылы ғалымдарды қолдауға көбірек көңіл бөлініп отыр. Қазір жаһанда COVID-19 жетпеген ел қалмады. Әлем экономикалық қиындықтарға тап болып, қоғам алмағайып кезеңді бастан кешіп жатыр. БҰҰ-ның сарапшылары бұл инфекцияның жаһандық ішкі жалпы өнім көлемін 1-1,5% азаюына алып келеді деп болжап отыр. Әлемнің көптеген елінің экономикасы рецессияға тап болды. Пандемияның адамзат өркениетіне тигізетін залалын дөп басып айту қиын. Бірақ барлық мемлекеттердің алдағы қиындықтарға қазірден белін бекем буып отырғанын ескеруіміз керек. Пандемия ең алдымен цифрландыру, медицинадағы даму, қоғамдық тәртіптің және мемлекеттік басқару жүйесінің маңыздылығын көрсетті. Аты жаман індеттен түйгеніміз де, үйренеріміз де көп болды. Ол қарапайым қоғамдық ережелерді сақтаудың өмірлік құндылығын да түсіндіруде. «Тәртіпке бағынған құл болмайтынын» білгенімізбен, саналы жүгіне бермейміз. Ал дәл қазір әлемді ажал ауызынан арашалайтын осы темірдей тәртіп екені айқын. Отбасылық құндылықтың, туыстық қатынас пен бауырмалдықтың, дәстүрлеріміз бен рухани мұрамыздың қадірін ұғындырды. Мұндайда бақтың тек бағалай білгенге қонатынын түсіндік.
Биыл 175 жылдығын атап өтіп жатқан данышпан Абай біздің неден жиреніп, нені үйренуіміз керегін көргендікпен айтып кеткеніне тағы да қайран қаламыз. Енді ел боламыз десек, ұлы ақын айтқан «бес нәрседен қашық болу, бес нәрсеге асық болу» ұстанымын сақтауымыз керек. Бойымыздағы жаман әдеттерден арылып, «талап, еңбек, терең ой, қанағат және рақым» сияқты қасиеттерді бойымызға сіңіре білудің қажеттігін бүгінгі карантин мен төтенше жағдай терең ұғындыра түскендей. Сол себепті ұлыларды ұлықтап, Әбу Насыр әл-Фарабидің –1150 жылдығы, Абайдың –175 жылдығын атап өту жалғасын табатын болады. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы іспетті. Осыдан 3 жыл бұрынғы бағдарламалық еңбегінде Елбасы «Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз де бұған дайын болуымыз керек» деп атап көрсеткен еді. Сол кез келе жатқандай.
Адамзат тарихында халықты, ұлтты, ұрпақты қалай болған күнде де жан-жақты терең ойлантып, толғанта білуден, елдікті, қоғамдық дамуды саралай білуге құлшындырудан асқан құдіреттің болуы мүмкін бе? Әрине, жоқ. Кемел толық адам болуға, ұлттық тұлғаға айналып, межелі мұратқа жеткізетін жол біреу ғана, ол – жаңашылдығы мен бастамашылдығы зор, ізденімпаз еңбекқорлығы мол, қайтпас, қажымас қажырлы еңбек қана. Ендеше ұлттық ұлы мақсатқа қол жеткізу үшін біздің ой-санамыз істерімізден анағұрлым озып жүруі, яғни одан бұрынғыдан да бетер жаңаша жаңғырып, жаңарып, асылданып отыруы тиіс. Сонда ғана ұлттық ұтқыр істеріміз қайталанбас құндылықтарды қалыптастырады.
Сұлушаш МАДИАРОВА