Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕПТЕП ЕМЕС, КӨПТЕП АЛАТЫН ДҮКЕНДЕР ҚАЖЕТ

ЕПТЕП ЕМЕС, КӨПТЕП АЛАТЫН ДҮКЕНДЕР ҚАЖЕТ

Қазіргі таңда ауданда 3 әлеуметтік дүкен мен орталық базарда халық көп тұтынатын тауарлардың бағасы толық бақылауға алынған. Десе де айта кету керек, базардағы азық-түлік бағалары көп жағдайда құбылып тұрады. Әсіресе, азық-түлік қорлары азая бастайтын мезгілде көкөністердің бағасы күрт өсетіні бар.

Осыған орай жергілікті әкімдік аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кенттегі бірнеше ірі сауда орнымен меморандумға отырған. Олар – «Арсен», «Нұр» және «Береке» сауда орталықтары. Мұнда халықтың күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері базар нарығынан 10-15 процент төмен бағада сатылады. Аталған дүкендердегі арзан бағадағы сапалы өнімдер бірнеше жыл қатарынан халықтың көңілінен шығып келеді. Мұны аудан тұрғындары жоғарыдағы аталған дүкендерден арзан, сапалы тауарларды ептеп емес, көптеп алатынынан-ақ байқауға болады. Тіпті кейбір азық-түлік дүкендері аталған сауда орындарынан көтерме бағада тауар алатыны да жасырын емес.
Бұл дүкендерде тек азық-түлік қана емес, тұрмысқа қажетті дүниенің бәрі бар. Демек айтып тұрғандай, дүкеннің мақсаты әлеуметтің әлеуетін арттыру. Бұл игілікті іс аталған дүкендер мен аудан әкімдігі арасындағы келелі келісімнің айқын көрінісі.
Бірақ сексен мыңнан аса тұрғыны бар ауданға небәрі үш әлеуметтік дүкен аздық ететіні анық. Тұрғындардың азық-түлік тауарларын төмен бағада сататын осындай сауда орталықтары әр ауылдан да ашылса деген тілегі де жоқ емес.
25 шілде 2020 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930