Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Сол күні күндіз Көкшетауда найзағай күтіледі.
10 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтанда таңертең және найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпiнi найзағай кезінде 15 м/с жетеді.
10 шілдеде күндіз Қостанай облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Қостанай қаласында 10 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
10 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық күтіледі.
10 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 18 м/с жетеді. Кей жерлерде 38-41 градус қатты ыстық сақталады.
10 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Өскеменде 10 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің екпіні нөсер кезінде 15-18 м/с жетеді. Семейде 10 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің екпіні нөсер кезінде 15-18 м/с жетеді