Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Birgemiz" қоры атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда

"Birgemiz" қоры атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда

BAQ.KZ. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған әлеуметтік қолдау шараларына қосымша Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, жеке гигиеналық құралдар, киім-кешек, төсек-орын жабдығы және тағы да басқа заттар жөнелтті.

Бұл туралы Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында жазды.

Құрметті достар! Өздеріңізге белгілі, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басудан зардап шекккен тұрғындары толықтай жаңа немесе жөнделген тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Әрбір адам республикалық бюджеттен 100 мың теңгеден алады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған әлеуметтік қолдау шараларына қосымша Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, жеке гигиеналық құралдар, киім-кешек, төсек-орын жабдығы және тағы да басқа заттар жөнелтті, - деп жазды ол.

Jas Otan волонтерлары мен белсенділері жергілікті жерде жеткізілген көмекті тұрғындарға үлестіріп берумен айналысып жатыр.

Өңірлердегі партияластарымыз бен белсенділерімізге жұртшылыққа жедел қолдау көрсетуді ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын. Әсіресе, партиямыздың жастар қанатының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бірлік, ынтымақ және өзара көмек қолын созу секілді қасиеттер тап осындай қиын-қыстау сәттерде көрінеді. Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Nur Otan партиясы мен "Birgemiz" қоры қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінгі күнге дейін 150 мыңнан астам отбасы азық-түлік себеті мен антисептикалық құралдар алды. Бұған қоса 100 мың отбасы тегін маскамен қамтамасыз етілді. 360 мың отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлеммен қамтылды. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл шамамен 1 млн. қазақстандықты құрайды, - деді бауыржан Байбек.
11 мамыр 2020 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (8794)

02 маусым 2020 ж.

№40 (8793)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (8792)

26 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам