Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада блок-посттардағы полицейлерге психологиялық қолдау көрсетілуде

Қызылордада блок-посттардағы полицейлерге психологиялық қолдау көрсетілуде

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Елімізде енгізілген төтенше жағдай режимінде алдыңғы шепте жүрген полиция қызметкерлерін психологиялық тұрғыдан қолдау мәселесі өзекті болып отыр.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметі күйзелістік факторлардың, оған әсер етуші факторлардың әсерімен сипатталады.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ерекше кезеңде өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін орындау барысында күйзеліске түсулері әбден мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің психолог мамандары тиісті қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруда.
«Психолог мамандар блок-бекеттеріне шығу арқылы  жеке құрамды «Экстремалды және әр түрлі жағдайларда қызметкердің іс-әрекеті», «Қақтығыс жағдайлардың алдын алу және шешу жолдары» тақырыбындағы әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіп, жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру жұмыстарын жүргізді», – деп хабарлады Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек блок-бекеттердегі полицейлерге жеке консультациялық кеңестер берді және релаксациялық «Майнд машина» құрылғысын пайдалана отырып, әр түрлі формадағы күйзеліске қарсы тұра білуге бағытталған терапиялық жұмыстар ұйымдастырды.
24 сәуір 2020 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031