Жапонияда екі дана құрма 5000 АҚШ долларына сатылды

– Өзім дәмін татып көрмедім. Жұрттың айтуы бойынша өте дәмді құрма. Жегенде қытырлап, жапон алмұрты секілді сезіледі. Содан соң құрамында қант мөлшері көп, - дейді Ито.
Құрмаларда қант мөлшері Брикс шкаласы бойынша 15-16 градус болса, бәссаудада сатылған екі дана құрманың тәттілік мөлшері 25 градусқа тең болған. Бір құрманың салмағы 300 граммды тартқан.