Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

22 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

Ұлттық парктер мен қорықтар күні
Табиғатты қорғау бойынша ауқымды халықаралық акция. Ұлттық парктер мен қорықтарды және табиғи ескерткіштерді қорғауға шақыратын және жыл сайын өткізіліп тұратын шара.
1985 жылы Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайы ашылды.
1994 жылы Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ мемлекеттері темір жолдарының бірыңғай жүйесін құру келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды.
2008 жылы Қызылорда қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты республикалық байқауы өтті.
2009 жылы БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы 32 серіктес ұйыммен бірлесе отырып, Әлемдік сандық нұсқадағы кітапхана ашты. Бұл кітапхананың қорын кез-келген оқырман пайдалана алады. www.wdl.org сайтында мәдениеттің бірегей туындыларымен, қолжазбалармен, карталармен, сирек кездесетін кітаптармен, фильмдермен, аудиожазбалармен және фотосуреттермен танысуға болады. Олардың ішінде ежелгі қытай мәтіндері, арабтың ғылыми трактаттары, 764 жылғы «Hyakumanto darani» жазбасы және басқа да мәдени құндылықтар бар. Әлемдік сандық нұсқадағы кітапхана ағылшын, араб, испан, қытай, португал, орыс және француз тілдерінде жұмыс істейді.
2016 жылы Ақтөбеде Венгрияның консулдығы ашылды. Ашылу рәсіміне қатысқан Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани Ақтөбе облысына зор қызығушылық танытып отырғандығын айтты.

22 сәуір 2020 ж. 478 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930