Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

9 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар


Халықаралық архив күні
2007 жылы қарашада Квебекте (Канада) Бас ассамблеяда Халықаралық архив кеңесі (МСА, International Council on Archives, ICA) құрылды.

1998 жылы Астанада Қырғызстан Республикасының Елшілігі ашылды.
2009 жылы Ақмола облысы, Ерейментау ауданындағы Торғай ауылының маңынан түркі дәуірінің «Қос батыр» ғұрыптық ескерткіші табылды. Ол ғұрыптық ескерткіш тастан қаланған төрт бұрышты екі қоршаудан тұрады. Екі қоршаудың шығыс жағында тастан қашалған екі батырдың мүсіні бар. Бұл мүсіндер VII-VIII ғасырда жасалған.

2010 жылы Алматыда «Алтын қалам» әдеби байқауы жарияланды.

2017 жылы ҚР Президенті Халықаралық мамандандырылған«ЭКСПО-2017» көрмесін ашық деп жариялады. «Бүгін біздің елімізде ғана емес, дүниежүзілік көрмелер тарихында айтулы күн. Қазір көптен күткен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің шымылдығы ашылды. Осы салтанатты мерекемен баршаңызды шын жүрегімнен құттықтаймын», - деген еді Мемлекет басшысы көрменің ашылуында.

09 маусым 2019 ж. 1 105 0