Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Газет ПДФ форматқа көшеді

Газет ПДФ форматқа көшеді

Осыған дейін аудандық газеттің сайты мен басқа да әлеуметтік желілерде еліміздегі жарияланған Төтенше жағдайға және өңірдегі санитарлық талаптарға орай елді мекендерге кіруге уақытша шектеу қойылғанын, соған сәйкес басылымның таратылуында іркіліс болып жатқанын хабарлаған едік. Дәл қазір Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы өте күрделеніп тұрған жайы бар. Осыған байланысты инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақсатында осы жылдың 8-22 сәуір аралығында карантиндік режимді және тыйым салу шаралары бойынша облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің (7 сәуір, 2020 жыл) «Облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту туралы» қаулысы шығып отыр. Оның 9-пунктінде:«... карантин кезінде республикалық, облыстық және жергілікті баспа басылымдардың таралымын таратуды уақытша тоқтату және баспа басылымдар материалдарды электронды нұсқаларда (сайттарда, әлеуметтік желідегі парақшаларында, PDF форматта) жариялауды» атап көрсеткен. Осы қаулыны негізге ала отырып, «Сыр медиа» ЖШС қарасты басылымдардың қағаз нұсқасының уақытша тоқтағанын және оқырмандарымыздың қала жаңалықтарын және газеттің PDF нұсқасын электронды сайтымыз бен әлеуметтік парақшалардан оқуына толық мүмкіндігі бар екенін еске саламыз. Сондықтан да бұл мәселеге газет оқырмандары түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз.
Шынтуайтында денсаулық баршамызға керек. Бүгінде қаншама отандасымыз індеттің алдын алуда, сондай-ақ дерт жұқтырғандарды сауықтыруға аянбай тер төгіп, еңбек етіп жатқан уақытта біз де олардың осы жұдырықтай жұмылған жұмысын жоққа шығармай, санитарлық талаптарды қатал түрде сақтап, ортақ тәртіпке бағынуға асығайық. Осылай еткенде ғана аты жаман аурудың бетін біржолата қайтарып, бұрынғы сәулелі де жарық өмірімізге қайта оралмақпыз.

«Өскен өңір» газетінің ұжымы
10 сәуір 2020 ж. 776 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930