Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүкендердің 20 күнге жабылатыны туралы жалған хабарлама таратқан тұрғын ұсталды

Дүкендердің 20 күнге жабылатыны туралы жалған хабарлама таратқан тұрғын ұсталды

Түркістан облысында азық-түлік дүкендерінің 20 күнге жабылатыны туралы жалған хабарлама тартқан тұрғын ұсталды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі бейнежазбада ол тіпті жергілікті тұрғындардың азық-түлікке байланысты таласып жатқандығын айтқан, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жайт Арыс қаласында тіркелген. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған ақпараттың авторы мен бейнежазба таратушысының жеке басы анықталған. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
«Ер адамның Арыс қаласына қызмет барысында келгені анықталды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша істің барлық мән-жайы анықталуда»,- делінген хабарламада. Полиция бөлімшесіне жеткізілген соң, ұсталған азамат өз еркімен бейнежазба арқылы Қазақстан азаматтары мен Арыс қаласының тұрғындарынан кешірім сұрады.

14 наурыз 2020 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930